Перейти к содержимому

Новое

ҚҰРМЕТТІ ЕРЕКШЕ ЖАНДАР!

Бүгін халықаралық мүгедектер күні. Егеменді ел аталғалы бері тәуелсіз Қазақстанның ерекше жандары ел назарынан бір сәтте тыс қалған емес. Олардың қоғамда алаңсыз өмір сүруі үшін арнайы оқытып, еңбек етіп, кәсіпкерліпен айналысып, бизнес ашуларына мүмкіндік жасалуда. Бұл тұрғыдан кең байтақ Отанымызда қыруар істер атқарылуда десек, соның барлығында Сіздердің де қолтаңбаларыңыз бар. Отбастарыңызға амандық, өздеріңізге зор денсаулық пен қажымас қайрат тілейміз.

#ХалықаралықМүгедектерКүні

0
0
126

"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ"

"Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев және партия ардагері Қ.Ерубай "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында «Туған жерге тағзым» жобасы аясында Бірлік ауылы тұрғындарымен кездесті. Туған жерге тағзым ету, кіндік қаны тамған топырақтың қадірін білу - әрбір азаматтың парызы. Отаншылдық өскен өлкені сүю, оған құрмет танытудан басталады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы осыған үндейді. Елбасы Н.Назарбаев өз мақаласында «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды», - дей келіп, туған жерді…

0
0
106

«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК»

"Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық партия филиалы ғимаратында "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында «Біз бәріміз біргеміз» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өтті. Кездесуді бірінші орынбасар М.Балқожаев ашып жүргізді. Кездесуге аудандық "Атамекен" кәсіпкерлік палатасынан Жолдасбеков Асылжан, аудандық жұмыспен қамту және хал актілерін тіркеу бөлімінен Сауле Тумырзаева және партия ардагері Қ.Ерубай мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысты. Кездесуде зағип жандардың мәселелері талқыланды.

0
0
107

«ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ» ОРАЙ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚАТАРЫНА САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРАСЫ ӨТТІ.

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ "ЖАҢАҚОРҒАН САНАТОРИЯ" БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ» ОРАЙ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚАТАРЫНА САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРАСЫ ӨТТІ.

0
0
203

"АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ"

"Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық партия филиалында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Еңбек ардагерлері мен жастардың кездесуі болып өтті. Шараны ауданымыздың экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінен зейнетке шығып, қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп отырған Мүсілім Жамур ардагеріміз жүргізіп отырды. Жастармен кездесуде ардагер өзінің өмір жолын, ауданның экономикасына қосқан еңбек жолын, үлесін және жастарға деген өзіндік ақыл-кеңестерін айтып өтті.

0
0
116

"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ"

"Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық партия филиалында "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында көп балалы іскер әйелдердің қатысуымен көп балалы аналардың мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға партия филиалы консультанты М.Ермаханова, партия ардагерлері К.Жақыпбекова, Қ.Ерубай, аудандық жұмыспен қамту орталығы сектор меңгерушісі Х.Ахметова және ауданымыздағы өзін-өзі жұмыспен қамтып, кәсіппен айналысып отырған көп балалы аналар қатысты. Кездесуде көп балалы аналардың мәселелері тыңдалып, өз ойларымен бөлісті. Қазіргі таңда көп балалы аналар мемлекеттен берілген қаржылай тегін 505600тг көлеміндегі қаржыға мал басын көбейтіп, тігін тігумен айналысып, өз кәсіптерінің нәтижесін көріп отырғандарын және кәсіптерін алдағы уақытта кеңейткісі келетін жеткізді.

0
0
113