Прием граждан
Кандидат в депутаты в Житикаринский районный маслихат Иван Черняков провел прием граждан в общественной приемной предвыборного штаба. На все поступившие вопросы в ходе приема были даны разъяснения.
Кандидат в депутаты в Житикаринский районный маслихат Иван Черняков провел прием граждан в общественной приемной предвыборного штаба. На все поступившие вопросы в ходе приема были даны разъяснения.
Кандидат в депутаты в Житикаринский районный маслихат Асель Шамшина провела прием граждан в общественной приемной предвыборного штаба. На все поступившие вопросы в ходе приема были даны разъяснения.


Отырысқа партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин, Аудандық маслихат аппарат басшысы Досор Мыңжасар, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангосов Сарсенбай, Ойыл ауылдық округ әкімдігінің бас маманы Сәттибаев Конакбай, ШҚ"Жастық", төрағасы Исатай Бергалиев қатысты. Күн тәртібінде комиссияның жұмысы, сайлау алды үгіт-насихат кезінде партияның Жарғысы және Этика кодексі талаптарының орындалуына кедергі келтіретін факторлардың алдын алу шараларын қадағалау мәселелері айтылды.
«Есіктен есікке» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы атынан Шардара аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар тұрғындардың үйлеріне барып, сайлаушылармен жүзбе-жүз кездесуде.
Тұрғындармен кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы тарата айттты. Тұрғындар өз кезектерінде кандидаттарға алғыс білдіріп, саяси науқаннан шет қалмайтындарын жеткізді.
Аталған шара күні бойы өз жалғасын табады.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
Шардаралық «нұротандықтар» сайлау науқанының екінші күнін де өте қарқынды өткізуде. Жастар арнайы акция өткізіп, кандидаттар халықпен кездесулер ұйымдастырды.
Жекелеген кандидаттар қала орталығында, Көксу, Ұзына ата ауылында тұрғындардың үйлеріне барып, олардың тыныс-тіршіліктерімен танысты. Түйінді мәселелерін жазып алып, мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатындарын жеткізді. Сонымен қатар оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
Жастар – ел тірегі, ертеңгі елдің иесі. Сондықтан оларды білімді, елжанды, салауатты өмір салтын ұстанған жан-жақты қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі күннің ең басты мәселесі. Осы мақсатта бүгін Шардара қаласының орталығында «Жастар – нашақорлыққа қарсы» тақырыбымен акция өтті. Аталмыш шара жастар мәдениеті, соның ішінде салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, жастарды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақыру мақсатында ұйымдастырылды.
Нашақорлықтың қанат жаюына қарсылық танытқан шардаралық жастар «Біз – жиырма бірінші ғасырдың жастары», «Біздің қолымызда ұрпақ тағдыры», «Есірткіге қарсы Мен! Есірткіге қарсы Сен! Есірткіге қарсы Біз!», «Есірткіге – жол жоқ!» деп ұрандатты.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
«Nur Otan» партиясынан Шардара аудандық мәслихатына кандидат болып тіркелген бір топ үміткерлер бүгін қала орталығындағы Абай мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізді. Мұндағы мақсат – жергілікті халықтың өтініші мен ұсыныстарын тыңдау, түйінді мәселелерді шешуге жәрдем ету.
Аталған жиын барысында кандидаттар партияның мақсаттары мен міндеттерін, сайлауалды бағдарламаларды жете түсіндірді. Өз кезегінде тұрғындар да көкейлерінде жүрген мәселелерді ортаға салды.
Кандидаттар тұрғындардың мәселелерін жазып алып, мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатындарын жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.