ЖАСТАР ЖАМАН ӘДЕТТЕН АУЛАҚ БОЛУДЫ ҚАЛАЙДЫ
Жастар – ел тірегі, ертеңгі елдің иесі. Сондықтан оларды білімді, елжанды, салауатты өмір салтын ұстанған жан-жақты қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі күннің ең басты мәселесі. Осы мақсатта бүгін Шардара қаласының орталығында «Жастар – нашақорлыққа қарсы» тақырыбымен акция өтті. Аталмыш шара жастар мәдениеті, соның ішінде салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, жастарды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақыру мақсатында ұйымдастырылды.
Нашақорлықтың қанат жаюына қарсылық танытқан шардаралық жастар «Біз – жиырма бірінші ғасырдың жастары», «Біздің қолымызда ұрпақ тағдыры», «Есірткіге қарсы Мен! Есірткіге қарсы Сен! Есірткіге қарсы Біз!», «Есірткіге – жол жоқ!» деп ұрандатты.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
