КАНДИДАТТАР ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Шардаралық «нұротандықтар» сайлау науқанының екінші күнін де өте қарқынды өткізуде. Жастар арнайы акция өткізіп, кандидаттар халықпен кездесулер ұйымдастырды.
Жекелеген кандидаттар қала орталығында, Көксу, Ұзына ата ауылында тұрғындардың үйлеріне барып, олардың тыныс-тіршіліктерімен танысты. Түйінді мәселелерін жазып алып, мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатындарын жеткізді. Сонымен қатар оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
