ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Nur Otan» партиясынан Шардара аудандық мәслихатына кандидат болып тіркелген бір топ үміткерлер бүгін қала орталығындағы Абай мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізді. Мұндағы мақсат – жергілікті халықтың өтініші мен ұсыныстарын тыңдау, түйінді мәселелерді шешуге жәрдем ету.
Аталған жиын барысында кандидаттар партияның мақсаттары мен міндеттерін, сайлауалды бағдарламаларды жете түсіндірді. Өз кезегінде тұрғындар да көкейлерінде жүрген мәселелерді ортаға салды.
Кандидаттар тұрғындардың мәселелерін жазып алып, мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатындарын жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
