PR-Форум 2026: жаңа технологиялар мен PR трендтері талқыланды
Қазақстан пресс-клубы ұйымдастырған PR-Форум 2026 Алматыда өтіп, коммуникация саласының мамандары, бизнес және медиа өкілдерін бір алаңға жинады.

Іс-шара барысында стратегиялық коммуникациялар, бренд беделін қалыптастырудағы сенімнің рөлі, жасанды интеллекттің PR саласындағы мүмкіндіктері және аудиториямен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері талқыланды. Форум интерактивті форматымен ерекшеленіп, қатысушыларға практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.





