9-желтоқсан күні аудан жастары және "Жас Отан"ЖҚ мен кездесу өткізілді.Дөңгелек үстел тақырыбы: ЖАСТАР - БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗБіздің ертеңгі күніміздің болашағы - жастар екенін білеміз. Олар біздің ертеңімізді жалғастыратын, жасампаздық эстафетасын қабылдап алып, алға қарай қарыштап, жылжып, жоспар - істерімізді одан ары дамытып, елге танытатын ұрпақ. Сол себепті, жастарды ертерек еңбексүйгіштікке, еңбекті құрметтеуге және « Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,- деп Абай атамыз айтқандай, еңбек қана ер атандыратынын ұқтырып, тәрбиелеу - маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі жастардың көпшілігі тер төгіп, еңбектенбей, жалқаулыққа бой алдырып, жеңіл жолмен табыс тапқылары келеді. Сондықтан, бұл мәселенің дұрыс жолға қойылып, дұрыс шешімін табуына жұрттың бәрі: еңбек ұжымдар…