ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНЕ ҮМІТКЕРЛЕР ЕЛ ІШІНДЕ
«Nur Otan» партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне үміткер жерлесіміз Мөлдір Бақытжанқызы Шардараға арнайы ат басын бұрды. Үміткер осы сапары аясында жергілікті тұрғындармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
М.Бақытжанқызы канвассинг шарасы аясында тұрғындармен жолығып, сұқбаттасты. Партия атынан парақшалар таратып, оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
