ПАРТИЯНЫҢ БАСТАМАСЫ – ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ
Ауыл ардагерлері Дәулет аға мен Тәліпжан ағалардың отбасында болған үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламсын түсіндіріп, ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдағы жоспарымен таныстырды. Алдағы 5 жылда партия, ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады. Өңірде инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Соның нәтижесінде 5 жылда ауыл шаруашылығы салаcында 40 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар ауданда 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу жобасын қолға алып, іске асыру жоспарлануда. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: ирригациялық ағын су жүйелерін қалпына келтіру бойынша: Өзбекстан Республикасынан келісілген ағын суды толық алу үшін «Арнайы су пайдалану» рұқсатындағы экологиялық суларды су шектеуіне қоса отырып, нақты пайдаланудағы қалыптасқан жағдайларға байланыстырып су шектеулерін жыл сайын қайта белгілеп отыруға;
- 2021 жылы 29,0 шақырым келетін 4 бірлік каналдарды күрделі жөндеуден (бетонмен қаптау) өткізуге;
- 2022 жылы 153,0 шақырымды құрайтын 2 бірлік каналдарды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге;
- 2023 жылы 253,4 шақырым келетін 2 бірлік каналдарды күрделі жөндеуден өткізуге;
- 2024 жылы 16,8 шақырымды құрайтын 1 бірлік каналды күрделі жөндеуден (бетонмен қаптау) өткізуге;
- 2025 жылы 59,6 шақырым келетін 1 бірлік каналды күрделі жөндеуден өткізуге.
ü жабық топырақта көкөніс, яғни, жылыжайда өнім өндірушілерді уақытылы субсидиялау мақсатында басым дақылдарды субсидиялау туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қағидасына қосымша ұсыныстар енгізуге;
ü ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға;
ü 2020 жылы Жібек жолы ауылдық округінен 5000 бастық мал бордақылау алаңының құрылысына;
ü 2021 жылы Қабланбек ауылдық округінде 1000 бастық мал бордақылау алаңын ашуға;
ü 2025 жылға дейін аудандағы қарапайым жылыжайлардан заманауи өнеркәсіптік жылыжай көлемін ұлғайтуға ықпал етеді.
Нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 107,6-%-ға дейін артады.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
