Канвассинг кездесу
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылында «Nur Otan» партиясы атынан облыстық, Ақтау мәслихатына депутаттығына үміткерлер сайлаушы ағамыздың үйінде канвассинг кездесу өткіздік.
«Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» атты ұранмен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан «Nur Otan» партиясы маңызды кезеңде партия белсенділері барлық ауылда сайлаушылармен кездесуде. Осы бағытта 19 желтоқсан облыстық мәслихат депутатына үміткер өзім, Ақтау қалалық мәслихат депутатына үміткерлер Ерген Сыражанов және Ақтау қаласының Nur Otan партиясы филиалы төрағасының орынбасары Мұратбек Досжанов, партияның қызметкерлерімен бірге
"Ақтау қаласының құрметті азаматы" атағының иесі «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы ардагерлер тобының жетекшісі Ерімбет Әділұлы Жаңбыровтың үйіне арнайы барып, еңбегі үшін алған марапатымен құттықтап, партияның игі жұмыстарымен таныстырдық. Ағамыз өз атынан халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттарына тоқталып , өз ойын жеткізді.
Кездесу соңында бәрімізге үлгі болар "Құрметті азаматтың" батасын алып , мерейлі шаңырақтың ақ дастарханында қонақ болдық.
