Перейти к содержимому

Новое

Республиканский предвыборный штаб партии «Nur Otan» посетил 3 региона

#Repost @baibekbk with @make_repost

・・・

Дорогие друзья! Как вы знаете, Республиканский предвыборный штаб партии «Nur Otan» посетил 3 региона – Туркестанскую, Жамбылскую области, а также город Шымкент. Проведено 55 встреч с представителями здравоохранения, образования, малого и среднего бизнеса, коллективами промышленных предприятий, людьми старшего поколения, многодетными матерям и многими другими.

⠀

В целом, за неделю по всей стране членами предвыборных штабов «Nur Otan»-а проведено более 7 тысяч встреч, непосредственно охвачено свыше 650 тысяч избирателей.

⠀

В общественные приемные при штабах поступило более 8 тысяч обращений, в том числе свыше 2 тысяч предложений и наказов от населения. Кандидаты и доверенные лица партии провели 1,8 тысяч приемов граждан, приняв 7,6 тысяч человек.

⠀

В рамках первой волны с 10 декабря распространено свыше 2 млн. агитационных материалов. В ходе акции «От двери к двери» жасотановцы посетили более 174 тысяч квартир. В соцсетях охват агитационными материалами в среднем составляет 1,5 млн. пользователей в день.

⠀

Сегодня в Алматы встретился с молодыми активистами партии. Поблагодарил жасотановцев за активное участие в агитационной кампании.

⠀

Завтра вместе с членами Республиканского штаба проведем ряд встреч в южной столице. Далее в течение 6 дней планируем встретиться с жителями Акмолинской, Кызылординской, Мангистауской, Атырауской, Западно-Казахстанской и Актюбинской областей.

⠀

Агитационный период в самом разгаре, предстоит еще много работы. Уверен, что благодаря сплоченной и адресной работе партийцев мы добьемся намеченных целей!

⠀

#BizBirgemiz #МыВместе #JeńimpazBol

⠀

0
0
145

«𝗝𝗮𝘀 𝗢𝘁𝗮𝗻»

Белсенді жастармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысын, сонымен қатар алдағы жоспарды талқыладық.

Атап айту керек, биылғы 10 желтоқсаннан бері 2 млн-нан астам үгіт материалы таратылды.

«Есіктен есікке» акциясы барысында жасотандықтар 174 мыңнан астам пәтерге барды.

Әлеуметтік желілерде үгіт материалдарымен қамту көлемі орташа алғанда күніне 1,5 млн. пайдаланушыны құрап отыр.

Жастарға алдағы жұмыстарында сәттілік тілейміз!

Бізбен бірге #JenimpazBol!

#NurOtan #JasOtan #BizBirgemiz

ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Маңғыстау өңіріне іс-сапармен жеткен «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев өнер иелерімен, мәдениет саласының және шоу-бизнес өкілдерімен де арнайы кездесті. Партияның Маңғыстау облыстық филиалы ғимаратында басқосып, партияның мүдделі жұмыстарымен таныстырды.

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қазір республика көлемінде қызу жүргізіліп жатқанын тілге тиек етіп, биылғы сайлауалды бағдарлама әбден сараланып, сарапталып, халықтың ұсынысы, талап-тілектері ескеріліп әр өңірге жеке дара әзірленгенін жеткізді. Сонымен қатар партия кандидаттардың 30 %-дық басымдығын әйел азаматтар мен 29-жасқа дейінгі жастарға бергенін, партия жұмысы жаңғырып, партияішілік сайлау праймериз өткізілгенін айтты. Мұның барлығы жұмысты нақты әрі сапалы жүргізу үшін жасалғаны сөз етілді.

Ел алдында жүрген азаматтарға партияның мүдделі жұмысын халыққа барынша насихаттауды сұрап, «Nur Otan» партиясын сайлауда қолдауға шақырды.

0
0
191

МАҢҒЫСТАУДА ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ ДАЙЫНДАЛҒАН МАЛ АЗЫҒЫ 67 330 ТОННАНЫ ҚҰРАЙДЫ

Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен «Каспий» ӘКК арқылы мал азығының 500 тонна қоры жасақталған. Қазір 235 тоннасы Жаңаөзен қаласы, Қарақия, Маңғыстау мен Түпқараған ауданына жеткізілді. Сондай-ақ, қосымша 350 тонна алдағы күндері жеткізіледі деп жоспарланған. Бұл туралы Маңғыстау облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Ізімтаев мәлім етті. Оның айтуынша, мал азығының бағасы 68 теңге. Жыл соңында болатын мәслихат сессиясынан қосымша жемнің қорын жасақтау үшін тағы 54 млн теңге қарастырылады.

«Биыл жердің қолайсыз, шабындыққа жарамсыздығына байланысты барлық көлемде шөптің көлемі – 34 971 тонна. Жергілікті 22 шөп шабу бригадасы еңбегінің арқасында жайылымдықтан 7770 тонна шөп шабылған. Қалған 27 201 тонна шөп өзге облыстардан тасылмалданды.  Өзге облыстардан және өз өңірімізде дайындалған жемнің көлемі барлығы – 32 359 тоннаны құрады. Бүгінгі күні, шаруашылық қоймасы мен тиісті қорларда – 10 723 тонна жем сақтаулы. Облыста жем қор жеткілікті және қол жетімді бағада сатылуда»,- деді МО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Ізімтаев.

МАЛ АЗЫҒЫ БАҒАСЫ

1 түк шөп бағасы 700-900 теңге.  Рулон шөп бағасы 13 000 тг.

Жоңышқа 1500 теңге. 20 кг жемнің бағасы 1300 теңге (1 кг- 65 теңге).

Арпа- бидай қоспасы- 3000-3500 теңге. Бидай – 3800 теңге.

Мал азығы бойынша қала, аудандағы жауапты операторлардың байланыс нөмірі:

Маңғыстау ауданы –  87083703100 - Түпқараған ауданы –  87752136373

Қарақия ауданы –  87025616200 - Жаңаөзен қаласы –  87027980475

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

0
0
198

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСҚАСЫ МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ШАРУАЛАРҒА ГИДРОПОНДЫ ҚҰРЫЛҒЫ ӘДІСІНЕ ӨТУДІ ҰСЫНАДЫ

Бұл туралы Маңғыстау облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Ізімтаев мәлім етті. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін молайту мақсатында гидропонды құрылғы арқылы астықты өсіру әдісіне ауысса төрт түліктің жем-шөбі де молынан жетеді.

«Бүгінде ел арасында жиі аталып жүрген «гидропоника» әдісі арқылы малды азықтандыру дейтін бар. Мәселен, 35 кг арпаны сол құрылғы арқылы өсіретін болсақ, 350 кг өскін шығады. Яғни, бұл технология арқылы аз уақытта құнарлы әрі мол өнім алуға мүмкіндік болады.  Құрамында 70% дәрумендер, макро және микро элементтер бар . Маңғыстаулық шарулалар осы тәсілге көшсе тиімділігі мол болмақ. Қазіргі уақытта мұны өндіріп дайындап жүрген жергілікті кәсіпкерлер бар. Десе де, әр шаруа қожалығының иесі осы тәсілді қолға алса, өңір бойынша мал азығына деген сұраныс азаяр еді»,- деді Бақтыбай Ізімтаев.

Айта кетейік, Мұнайлы ауданында «МясМолКорм» ЖШС-гі «гидропоника» әдісімен 2 жылдан бері мал азығын өндірумен айналысады. Жаңа технологиялармен жабдықталған шағын цех айына 15-20 тонна мал азығын дайындайды.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ


0
0
186

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА 52 400 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІСІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Маңғыстау облысында 52 400 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Мұханбетжан Көбеген мәлім етті.

Оның айтуынша, өңірде шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасы тұрақты түрде қамтамасыз етілуде. Биылғы жарты жылдың есебі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында 124,2 мың адам жұмыспен қамтылды. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2 мың адамға немесе 7,1%-ке өсті. Шығарылған өнім көлемі 692,6 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 140,8 млрд. теңгеге немесе 17,6% өсті. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 31,8 процентке жетті.

«Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Олардың негізгілері: «Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы», «Агробизнес» және «Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 623 жоба 61,6 млрд. теңгеге қолдау алды. 1400-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылып, 4100 жұмыс орны сақталды. Өткен жылмен салыстарғанда жобалардың саны 2 есеге ұлғайды», - деді Мұханбетжан Көбеген.

«Еңбек» бағдарламасы аясында 1,9 млрд. теңге көлемінде 351 микрокредит беріліп, 458 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде қалаларда 700,0 млн. теңгеге  92 микрокредит беріліп, 129 жаңа жұмыс орны құрылды. Ал ауылдық елді мекендерде 1,2 млрд. теңгеге  259 микрокредит беріліп, 329 жаңа жұмыс орны құрылды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жеңілдікпен кредиттеу тетігіне жалпы соммасы 86,9 млрд. теңге құрайтын 107 жоба қатысуда.

«Агробизнес» бағдарламасы аясында 32 жоба 1,7 млрд. теңге көлемінде                    қолдау тауып, 122 жаңа жұмыс орны құрылды.

2018 жылы іскерлік ахуалды жақсарту мақсатында «Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы іске қосылды. Нәтижесінде 2,9 млр. теңгеге 144 жобаға қолдау көрсетіліп, 1000-ға жуық жұмыс орны құрылды.

0
0
195

ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ҮЛКЕН - КІШІСІ БОЛМАЙДЫ

Жылағанды жұбату, көмекке мұқтаж жанға қол ұшын созу – ізгі істің үлгісі. Қазір елімізде қайырымдылықтың өрісі кеңейіп келе жатыр. Түрлі қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын созсам дейтін қайырымды жандар, арнайы қорлар мен бірлестіктер саны да жыл өткен сайын артып келеді. Солардың бірі  Нұрлыбаев Бекболат Нұрбергенұлы. Қоғамдағы ұлттық құндылықтарды жүзеге асырып, ауылдың көркеюіне үлес қосып, кәсіпкерлер арасында қайырымдылық мәдениетін дамытуда көптеген жобаны жүзеге асырып келеді.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Б.Нұрлыбаев демеушілігімен Қызылсай ауылының кіреберісіне СТЕЛЛА және Бұрғышы мүсінін аумағын тоқпен қамтамасыз ету үшін  КТП (трансформатор) орнатылды, тозығы жеткен аумақтарына жаңадан  3200 шаршы метрді құрайтын қоршаулар салынды, «Орыс мола» қауымының сырты кеңейтіліп, қоршалды, ауыл сыртында орналасқан қоқыс төгу орны тазартылды,  білім ошақтарының  жөндеу жұмыстарына үлес қосып, 2 спорт алаңын салды. Сонымен қатар төрт түлік жануарларды қамауға, егуге арналған 2 дана қора салуға қолдау көрсетті. Нөсер жаңбыр мезгілінде арнайы техникалармен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар,  Конституцияның 25 жылдығына орай Қызылсай ауылының орталық алаңында 25 метрлік Мемлекеттік ту тұғырын орнатуға демеушілік жасады.

"Біз біргеміз" акциясы аясында  10 мүжәлсіз отбасының үйіне су желісін тарту үшін қазу жұмыстарын жүргізді. Пандемия кезінде ел денсаулығы үшін дәрігерлік амбулаторияға пульсоксиметрлер, термометрлер, қварцтық лампалар алып т.с.с дәрігерлік жабдықтармен  қамтамасыз етті.

0
0
318