ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ҮЛКЕН - КІШІСІ БОЛМАЙДЫ
Жылағанды жұбату, көмекке мұқтаж жанға қол ұшын созу – ізгі істің үлгісі. Қазір елімізде қайырымдылықтың өрісі кеңейіп келе жатыр. Түрлі қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын созсам дейтін қайырымды жандар, арнайы қорлар мен бірлестіктер саны да жыл өткен сайын артып келеді. Солардың бірі Нұрлыбаев Бекболат Нұрбергенұлы. Қоғамдағы ұлттық құндылықтарды жүзеге асырып, ауылдың көркеюіне үлес қосып, кәсіпкерлер арасында қайырымдылық мәдениетін дамытуда көптеген жобаны жүзеге асырып келеді.
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Б.Нұрлыбаев демеушілігімен Қызылсай ауылының кіреберісіне СТЕЛЛА және Бұрғышы мүсінін аумағын тоқпен қамтамасыз ету үшін КТП (трансформатор) орнатылды, тозығы жеткен аумақтарына жаңадан 3200 шаршы метрді құрайтын қоршаулар салынды, «Орыс мола» қауымының сырты кеңейтіліп, қоршалды, ауыл сыртында орналасқан қоқыс төгу орны тазартылды, білім ошақтарының жөндеу жұмыстарына үлес қосып, 2 спорт алаңын салды. Сонымен қатар төрт түлік жануарларды қамауға, егуге арналған 2 дана қора салуға қолдау көрсетті. Нөсер жаңбыр мезгілінде арнайы техникалармен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, Конституцияның 25 жылдығына орай Қызылсай ауылының орталық алаңында 25 метрлік Мемлекеттік ту тұғырын орнатуға демеушілік жасады.
"Біз біргеміз" акциясы аясында 10 мүжәлсіз отбасының үйіне су желісін тарту үшін қазу жұмыстарын жүргізді. Пандемия кезінде ел денсаулығы үшін дәрігерлік амбулаторияға пульсоксиметрлер, термометрлер, қварцтық лампалар алып т.с.с дәрігерлік жабдықтармен қамтамасыз етті.
