Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА 52 400 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІСІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Маңғыстау облысында 52 400 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Мұханбетжан Көбеген мәлім етті.

Оның айтуынша, өңірде шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасы тұрақты түрде қамтамасыз етілуде. Биылғы жарты жылдың есебі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында 124,2 мың адам жұмыспен қамтылды. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2 мың адамға немесе 7,1%-ке өсті. Шығарылған өнім көлемі 692,6 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 140,8 млрд. теңгеге немесе 17,6% өсті. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 31,8 процентке жетті.

«Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Олардың негізгілері: «Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы», «Агробизнес» және «Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 623 жоба 61,6 млрд. теңгеге қолдау алды. 1400-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылып, 4100 жұмыс орны сақталды. Өткен жылмен салыстарғанда жобалардың саны 2 есеге ұлғайды», - деді Мұханбетжан Көбеген.

«Еңбек» бағдарламасы аясында 1,9 млрд. теңге көлемінде 351 микрокредит беріліп, 458 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде қалаларда 700,0 млн. теңгеге 92 микрокредит беріліп, 129 жаңа жұмыс орны құрылды. Ал ауылдық елді мекендерде 1,2 млрд. теңгеге 259 микрокредит беріліп, 329 жаңа жұмыс орны құрылды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жеңілдікпен кредиттеу тетігіне жалпы соммасы 86,9 млрд. теңге құрайтын 107 жоба қатысуда.

«Агробизнес» бағдарламасы аясында 32 жоба 1,7 млрд. теңге көлемінде қолдау тауып, 122 жаңа жұмыс орны құрылды.

2018 жылы іскерлік ахуалды жақсарту мақсатында «Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы іске қосылды. Нәтижесінде 2,9 млр. теңгеге 144 жобаға қолдау көрсетіліп, 1000-ға жуық жұмыс орны құрылды.

0
0
171

Еще по теме