Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ

Канвассинг- сайлаушыларға үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Исаева, Т.Болатбаева мен Г.Булекбаева “Халық банк” Акционерлік қоғамына барды.

Кездесу барысында үміткерлер “Nur Otan” партиясының алдымыздағы 5 жылға дайындаған сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, жан-жақты талқылап, Жаңаөзен қаласы халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттарға ерекше тоқталып өтті.

«Nur Otan» партиясы ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейтіні баса айтылды.Қаржы саласының қызметкерлері мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға оң көзқарастарын білдіріп, “NurOtan" партиясына дауыс беретіндіктерін айтты.

1
0
158

Еще по теме

КАНВАССИНГ - Yvision.kz