КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ
«Nur Otan» партиясының атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар: Абіш Дулатбек Назарбекұлы, Тағаев Бақтияр Мұратұлы, Нұрмаханов Ерлан Зайпұлы, Өміртай Амалбек Дәркенұлы Ордабасы ауданындағы үгіт-насихат жұмыстарын Шұбарсу ауыл округінде жалғастырды. Олар ауыл тұрғындары Мұхаммедов Махмұдбектің, Құдабаев Әлібектің үйіне барып, Канвассинг-кездесуін өткізді.
— Өздеріңізге белгілі облыс, аудан депутаттарын сайлау уақыты жақындап келеді. Депутаттыққа үміткер кандидаттар бар күш-жігерін, білім-біліктіліктерінелге арнауға дайын екендіктерін көрсетіп бағуда. Көпшіліктің сенімінен шығу оңай емес, дегенмен халықтың сенімін ақтау үшін барымызды салудамыз. «Nur Otan» партиясы бүгінгі күнге дейін халықпен бірге қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетіп келеді. Бұдан кейін де солай болары сөзсіз. Қазақ халқы бүгінге дейін Елбасымен бірге болған. Алдағы кезде де Елбасының сындарлы саясатын сабақтастырады деген сенімдеміз,— деді Дулатбек Назарбекұлы.
«Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат ауыл азаматтарын айтулы партияға дауыс беруге шақыра келіп: «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратын болады. Біздің міндетіміз – Ордабасы ауданының әрбір тұрғынының сенімін ақтау. Біз ауданның әрбір тұрғыны қолайлы өмір сүруі, дамуы мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құрамыз», — деді.
Ерікті жастар күндегідей үгіт насихат үнқағаздарын тарқатып келеді.
