Перейти к содержимому

Новое

В целях разъяснения предвыборной программы партии «Nur Otan»

с помощью агитационного материала и живого общения с избирателями прошла акция «От двери к двери». В ходе акции кандидаты в депутаты маслихата всех уровней ознакомили избирателей с предвыборной программой партии «Nur Otan», а также выслушали проблемные вопросы, волнующие избирателей.

АРДАГЕР ҰСТАЗБЕН КЕЗДЕСУ

Ардагер ұстаздардың дені сау, ортамызда аман жүргенін көрсең, қуанасың ғой. Адал еңбекпен тер төгіп, бар ғұмырын саналы шәкірт тәрбиелеуге сарп еткен жандардың зейнет жасында ауырмай, ұзақ өмір кешкенін қалаймыз. Салов Владимир Юрьевич те ардагер ұстазымыз, белгілі ғалым. Дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спортпен шұғылдануға тәрбиелеген педагогтік қызметі туралы айтсақ, ардагер ұстаздың жеңісі де, жетістігі де көп. Шәкірттері де. Өз өмірінде ғана емес, жастардың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын сақтағанын жанымен қалайды. Дені сау балалар ғана болашағымыз екенін айта келіп, «спорт залдары, спорт сарайы, үлкен нысандардың көптеп салынғаны, әрине, қуантады. Қазіргі таңда студенттер, оқушыларымыз онлайн білім алып жатқандықтан, жабық бөлмеде көп отырады…

0
0
194

КӘСІПКЕРЛІК - ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨЗЕГІ

Елімізде кәсіпкерлікті қолдау шаралары жалғасын табады. Бұл туралы бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Мырзатай мен Ұ.Әбдірахимов аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өткен кездесуде айтып өтті.

Аудандағы шаруақожалық иелерінің қатысуымен өткен басқосуда үміткерлер Отырар ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы ағын су және мемлекеттік субсидияға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Шаруалар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берген үміткерлер кәсіпкерлерді «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
105

ҮМІТКЕР ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Мақсат Ерубай «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалының сайлауалды штабында болып, зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Кездесуде үміткер Отырар ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы уақытта бағдарлама аясында жүзеге асатын жоспарлармен бөлісті.

Басқосуда сайлаушылар мектептердегі білім сапасы мен мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардағы бала тәрбиесі жайында өз-ойларын айтып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Кездесуде қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берген Мақсат Ерубай сайлаушыларды партияға қолдау білдіруге шақырды.

0
0
114