Экспромт кездесу
Кездесу барысында үміткер "Nur Оtan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, оның ішінде Исатай ауданы бойынша "Кәсіпкерлерді қолдаймыз!" тақырыбында сөз қозғады. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 17 жобаға грант ұсынуға, оның ішінде 2021 жылы – 2 жоба, 2022 жылы – 3 жоба, 2023 жылы –4 жоба, 2024 жылы – 4 жоба, 2025 жылы 4 жоба, ауыл бизнесін дамыту мақсатында «Бизнес-Аймақ» жобасымен жергілікті бюджет есебінен 39 жобаны несиелендіруге, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен қысқа мерзімді кәсіптік оқу курсына 200 адам оқытып, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 375-ке жуық азаматтарға стартап жобасына 200 адамға гранттар мен 175 адамға несиеалуына ықпал ету жоспарланып отырғанын айтып, кәсіпкерлерді бір қуантты. Сөзін аяқтай келе Толқын Ермекқызы нақты істер партиясы- "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды. Кездесу кезінде филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі О.Купбергенов қатысты. Үгіт насихат жұмыстары заңдылыққа сәйкес жүргізілді.
