АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСҮ ЖАЛҒАСУДА
АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСҮ ЖАЛҒАСУДА
"Nur Otan" партиясының іс-шаралар жоспарына сәйкес, бүгін 23.12.2020ж. , Бәйдібек аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер: - Бахыт Кенжебаев, Абдрахман Төрехан, Бадир Ашрафи , Тұрақты елді-мекенінің тұрғындарымен насихаттық кездесу өткіздік.Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының басымдықтары тұрғындар арасында насихатталды. "Nur Otan"партиясының бастамасымен, Бәйдібек ауданы азаматтардың өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүміндік беру, мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, азаматтарға атаулы көмек көрсету шаралары бойынша,саламатты зияткер ұлт қалыптастыру бағытында,азаматтардың тұрғын сапасын лайықты қамтамасыз ету және де халық үніне құлақ асатын мемлекет, басымдықтарын іске асыру мақсатында, Бәйдібек аудандық партия филиалының Сайлауалды бағдарламасындағы 2025-ші жылға дейінгі ауданды дамытудың 7 басымдығындағы аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталатын жобалардың жоспарымен таныстырдық.Кездесу барысында елді-мекен тұрғындары "Өзгерістер жолы:әр азаматқа лайықты өмір!"партияның сайлауалды бағдарламасында халықтың ұсыныс тілектері назарға алынған құжат екенін айта отырып, партия бағдарламасын қолдайтындарын жеткізді.Насихаттау жұмысын қорытындылай келе, елді мекен тұрғындарына белсенділік таныта отырып,10-қаңтар күні сайлауға түгел қатысуға, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырдық!
#Biz birgemiz
#Nur Otanga dauis ber
#Nur Otan Baidibek
