КЕЗДЕСУ
#ЭКСПРОМТ – КЕЗДЕСУ
Бәйдібек ауданы "Nur Otan» партиясының мәслихат депутатығына үміткерлер Молдабекова Айгүл Орынбасарқызы және мен Қожамжарова Рахат Сейдахметқызы Шаян ауылындағы бірқатар кәсіпкерлермен және тұтынушылармен кездесіп сайлауалды бағдарлама бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында ЭКСПРОМТ -КЕЗДЕСУ өткіздік.
Кездесу барысында сауда орталығының әрбір тұтынушысын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, олардың сұрақтарына жауап бердік.
Азаматтардың жағдайы өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екенін айтып, партияның білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізу арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайларын арттыруға күш салатынын жеткіздік.
Бірлік, тұрақтылық, жасампаздық - біздің барша қазақстандықтарға тастайтын партиялық ұранымыз. Сондықтан ұлт болып ұйысқан ауызбіршілігіміз көпке үлгі болсын.
"Nur-Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында "Ұлттық мүддені қорғау, қауіпсіздікті қамтамассыз ету саясаттың негізгі басымдықтары" деп жазылған.
Еліміздің территориялық тұтастығы мызғымайтын ұғым!
Біз біргеміз, берік іргеміз!
Сіздерді саяси науқанға белсене атсалысып, "Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырамын.
#Nur_Otanga_dauys_ber #BizBirgemiz #МеніңТаңдауым_NurOtan #Jenimpazbol #NurOtanBaidybek #baidybekJastary
