ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТҚА ҮМІТКЕР ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛ ОКРУГІНДЕ БОЛДЫ
Бүгін «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үмітке Байдуллаев Файзулла Мустафинұлы аудан орталығынан шалғай жатқан Бозай ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, партияны қайта жаңғырту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жеткізіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының 7 бағытының Бозай ауылына қатысты бағдарламаларды егжей-тегжейлі түсіндірді.
Сонымен қатар,Таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында
Қазіргі таңда Келес ауданында 48 елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етілген (елді мекенге шаққанда 60,7%, халық санына шаққанда 69,9%). Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 1093,9 шақырымды құрайтынын,
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы қамтамасыз етеді:
2021 жылы 7 елді мекенді (Жамбыл а/о: Бекбота, Ащыкөл, Қалғансыр елді мекендері, Ақтөбе а/о: Бозсу елді мекені, Біртілек а/о: Біртілек, Амангелді елді мекендері және Бірлік а/о: Бірлік елді мекені);
Нәтижесінде аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 95,2%-ға жететінін айтып өтті.
Табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында:
Ауданның 83 елді мекенінен 38 елді мекен табиғи газбен қамтылған (елді мекенге шаққанда 47,5%, халық санына шаққанда 71,2%). Болашақта 13 елді мекенді немесе 63,7% табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда екенін,
Бұл үшін «Nur Otan»партиясы:
2021 жылға дейін «Абай» АГРС құрылыс-монтаж жұмыстарының құрылысын салуды қамтамасыз етуге;
2025 жылы 10 елді мекеннің (Ұшқын а/о: Достық, Бірлік а/о: Коммунизм, Құрөзек, Бозай а/о: Бозай, Тентексай, Жамбыл а/о: Бекбота, Байғабыл, Ащыкөл, Майдабозай, Қалғансыр) құрылысын салуға ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай ауданның 46,8 мың тұрғындары табиғи газбен қамтамасыз етіліп, жалпы көрсеткіш 98,8%-ға жететінін жеткізді.
Ауыл азаматтары алдағы сайлауда сәттілік тілеп, халықтың қолдауына ие болған «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндерін айтып, аталық ақ баталарын берді.
