ПАРТИЯ ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒУ ЖОЛДАРЫН ҚОЛҒА АЛАДЫ.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Nur Otan» партиясының Келес аудандық сайлауалды штабында кәсіпкерлік саласы мен аудандағы шаруа қожалықтарын дағдарыс кезеңінде қолдау қадамдарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Жиынды Келес аудандық филиалының сайлауалды штабының төрағасы Жұмабеков Ахмет Әбдраманұлы жүргізіп, дөңгелек үстелдің мақсатын айтып дағдарыс кезеңіндегі кәсіпкерлік саласы мен аудандағы шаруа қожалықтарының дағдарыс кезеңінде негізгі проблемаларын және дағдарыстан кейінгі қолдау бойынша өз ойын айтып өтті.
Ауданның кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мадияр Әшірбаев пен кәсіпкерлікті қолдау орталығының басшысы Айнұр Мүтәлиева өз ойларын ортаға салды.
Атап айтқанда бүгінгі тойхана бизнесі тоқтап тұрғанын және диқандарға көктемгі егіске қаржылық ұйымдар тарапынан берілетін несиелерді мерзімінде берілмейтіні, құжаттарын қарау мен шешім қабылдаудағы қаржылық ұйымдар тарапынан кедергілер жайлы айтып өтті.
А.Жұмабеков кәсіпкерлік бөлімі мен кәсіпкерлікті қолдау орталығының басшыларына карантиндік кезең қаншаға созылатынын ешкім дөп басып айта алмайтынын, сондықтан тойхана иелеріне түсіндіру және қолдау көрсету арқылы тойхана бизнесін басқа салаға бағыттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды.
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қаныбек Жаңбырбаев несие беретін қаржылық ұйымдардың негізгі жұмыстарына тоқталып, бүгінгі таңда несие берудің мөлшерін арттыру бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын, бүгінгі отырыста айтылған кедергілерді жою және шаруаларға несиені мерзімінде көктемгі егіс науқаны басталғанға дейін кедергісіз беруді өз бақылауына алатынын атап өтті.
А.Жұмабеков жиынды қорытып ауыл округтердің тиісті мамандарымен бірге келесі жылы көктемгі егіске несие алуға ниетті шаруалардың тізімі мен бағытын нақтылап және құжаттарын жинақтап қаржылық ұйымдарға ұсынуды және көктемгі егіс науқанына дейін несие алуын жолға қоюды тапсырып, бұл мәселе «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының қатаң бақылауында болатынын жеткізді.
