Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ-КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

Шанақ ауыл округіне қарасты Ақжар елді мекенінде «Nur Otan» партиясынан Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ғ.Көпжасаров және Н.Айтмұрзаев үй-үйді аралап, әйел қауымымен канвассинг-кездесулер өткізді.

Үміткерлер сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы бағыттарды айқындап, атқарылар іс-шараларды тізбектеп берді.

Сонымен бірге алдағы сайлаудың тұтас қоғам үшін маңызы зор екендігін айтып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Бес институционалдық реформа – Ұлт жоспарын» жүйелі түрде жүзеге асырылатын жеткізді.

Сол мақсатта «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты партияның жаңа сайлауалды бағдарламасы әзірленіп, алдағы бес жылда елді дамытудың тың жоспары осы құжатта толық жазылған, 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарлама әбден пысықталған, сүзгіден өткен құжат деді.

Кездесу соңында үміткерлер сайлаушыларды 2021 жылы 10 қаңтарда болатын сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі

Еще по теме

КАНВАССИНГ-КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА - Yvision.kz