Перейти к содержимому

Новое

ШЕТПЕНІҢ АРДАГЕРЛЕРІ

Шетпедегі ардагерлер үйіне арнайылап бардым.

"Ассалаумағалейкүм" деп кіріп барып ем ағаларым жарқылдап қарсы алды. Бәрі көзтаныс, бәрін қылшылдаған жігіт кезінен білемін.

Сәттілік тілеп, баталарын беріп жатыр. "Ағалар" дедім, "үлкен іске бел будым ғой. Өздеріңіз осы елдің ағасысыздар. Жүрген жерімде айта жүрейін, не ой-пікір, сын, ескертпелерің бар"

"Саматжан, мәжіліске сайланып алыңдар, талап пен тілекті сол кезде айтамыз. Депутат болып жатсаң бізді ұмытпа, қайырылып бір соқ" деді ақсақалдар бірауыздан.

Ақсақалы бар ел - бақытты ел деп білемін. Көргені мен түйгені мол Ағаларымның батасына алып сапарымды әрі жалғадым.

#NurOtan

#Сапарбаян

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

“ДАНА” СУПЕРМАРКЕТІ

Бүгін сенімді өкілдерім “Дана” супермаркетіне барып экспромт-кездесу өткізді. Демалыс күні болса да, сатып алушылар айтарлықтай көп емес екен. БәрінеNur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы жазылған брошюралар таратылып, дауыс беруге шақырылды.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
141

ЭКСПРОМТ: “СПОРТМАСТЕР”

“Дана” супермаркетінен кейін, сенімді өкілдерім “Спортмастер”сауда дүкеніне барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сатушылар мен сатып алушыларға партиямыздың сайлауалды бағдарламасы жазылған қағаздарды таратып, басты бағыттар түсіндірілді. 10 қаңтар күні сайлауға қатысуға шақырылды.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
123

“МЕЧТА” ЭЛЕКТРОНИКА ДҮКЕНІ

Сондай-ақ, бүгін сенімді өкілдерім “Мечта” электроника дүкеніне жиналған көпшілікпен экспромт-кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындарға “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасы жазылған қағаздар таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Сайлауға шақырылды. Тұрғындар бірқатар сұрақтар қойып белсенділік танытқан.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
133

ӘМІРХАН АЙТҚАН ӘҢГІМЕ

Бүгін Түпқараған ауданына бардық. Негізгі нысанамыз халық емшісі, ел азаматы - Әмірханның үйі.

Құрдасым есік алдынан қарсы алып, төріне бастады. Әңгіме өзегі тарих мен бүгіннің сабақтастығы.

"Кешегілердің өмірінен тағылым ала отырып, алға басамыз ғой.Nur Otan партиясының бағдары да, нақты мақсаттары да ұнайды. Ел сенеді, біз сенеміз" деді Әмірхан құрдас.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

#ЕлІшінде

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
108

БАТЫР АНА

Қалекеш апамыз батыр деген атқа шын лайық жан екен. Жасы сексенге таяп қалса да бір басына жетерлік қызметі де, өнері де бар бесаспап әже екен.Он баланы өмірге әкеліп, асырап, ұяға да, қияға да қондырып отырған бақытты ана.Ауылдағы әжелер ансамблінде ән айтып, мерекелік кештердің шырайын ашқан әнші.Ақ жұмыртқадай ағаш үй тігіп, ұлттың ұлық өнерін сақтап отырған шебер!Жалпы, ағаш үй тігу, киіз басу, бау тоқу деген қазақтың көп жерінде сақталмаған, жоғалып бара жатқан асыл өнер. Бұл кәсіпті ұстаған кісілерге құрметім ерекше.Қалекеш әжемізге де осы пікірімді айтып едім, мәз болды. "Айналайын, рахмет ақ ниетіңе. Барған жеріңде де айта жүр, сөзің өтімді болатын жерді бағыт етіпсің ғой, жолың болсын" деді анамыз.Ақ батасын жаудырған ананың ақ пейіліне разы боп аттандық!#NurOtan#ЕлІшінде#СаматМу…

0
0
139

ЕРМҰХАН ШЕБЕР

Ермұхан шебердің қолтаңбасы тек Маңғыстауда ғана емес күллі қазақ даласының әр түкпірінде бар.Ермұхан шебер ғана емес, ел десе жүрегі елжіреп тұратын ақжарқын азамат екен. Жасы кіші болса да көргені мол, түйген тәлімі көп."Партияның басым бағыттарында экология мәселесі бар екен. Маңғыстаудың бұл тараптағы мәселелері де шаш етектен ғой, ең бастысы мынау көрші Қошқар ата көлі деп ойлаймын. Осы көлді біржақты қылуға ат салысқандарыңызды қалар едім" деді Ерекең.Бұл мәселе маңғыстаулық үш үміткердің бағдарламасында барын, жалпы партиямыздың бес жылдық жоспарына кіретін нақты міндеттер қатарында екенін айттым.Қолөнер, сәулет, зергерлік секілді жақсы өнерді жанға серік қылған Ерекең ініммен қоштасып, сапарды әрі жалғадық.Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!#NurOtan#ЕлІшінде#СаматМусабаев#Бі…

0
0
159

ЭКСПРОМТ: “ӘСЕМ” БАЗАРЫ

Сенімді өкілдерім бүгін “Әсем” базарында да үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, брошюралар таратты. ТұрғындарғаNur Otan партиясының басты бағдарламаларын түсіндіріп, сайлауға қатысуға шақырды. Саяси белсенді болудың маңызы айтылды. Саудагерлер сайлаудың сәтті өтуіне тілектестіктерін білдіріпті.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз