ШЕТПЕНІҢ АРДАГЕРЛЕРІ
Шетпедегі ардагерлер үйіне арнайылап бардым.
"Ассалаумағалейкүм" деп кіріп барып ем ағаларым жарқылдап қарсы алды. Бәрі көзтаныс, бәрін қылшылдаған жігіт кезінен білемін.
Сәттілік тілеп, баталарын беріп жатыр. "Ағалар" дедім, "үлкен іске бел будым ғой. Өздеріңіз осы елдің ағасысыздар. Жүрген жерімде айта жүрейін, не ой-пікір, сын, ескертпелерің бар"
"Саматжан, мәжіліске сайланып алыңдар, талап пен тілекті сол кезде айтамыз. Депутат болып жатсаң бізді ұмытпа, қайырылып бір соқ" деді ақсақалдар бірауыздан.
Ақсақалы бар ел - бақытты ел деп білемін. Көргені мен түйгені мол Ағаларымның батасына алып сапарымды әрі жалғадым.
#NurOtan
#Сапарбаян
#СаматМусабаев
#БізБіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз
