БАТЫР АНА
Қалекеш апамыз батыр деген атқа шын лайық жан екен. Жасы сексенге таяп қалса да бір басына жетерлік қызметі де, өнері де бар бесаспап әже екен.
Он баланы өмірге әкеліп, асырап, ұяға да, қияға да қондырып отырған бақытты ана.
Ауылдағы әжелер ансамблінде ән айтып, мерекелік кештердің шырайын ашқан әнші.
Ақ жұмыртқадай ағаш үй тігіп, ұлттың ұлық өнерін сақтап отырған шебер!
Жалпы, ағаш үй тігу, киіз басу, бау тоқу деген қазақтың көп жерінде сақталмаған, жоғалып бара жатқан асыл өнер. Бұл кәсіпті ұстаған кісілерге құрметім ерекше.
Қалекеш әжемізге де осы пікірімді айтып едім, мәз болды. "Айналайын, рахмет ақ ниетіңе. Барған жеріңде де айта жүр, сөзің өтімді болатын жерді бағыт етіпсің ғой, жолың болсын" деді анамыз.
Ақ батасын жаудырған ананың ақ пейіліне разы боп аттандық!
#NurOtan
#ЕлІшінде
#СаматМусабаев
#БізБіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз
