ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ
Кез-келген мемлекетте кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып, өндіріс ошақтарының саны артқанда ғана әлеуметінің әлеуеті жақсаратыны анық. Өйткені, кәсіпкерлік – ел экономикасының қозғаушы күші. Бұл саланың дамуы Мақтаарал ауданында дұрыс жолға қойылған.«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Темір Қырықбаев, Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Қалмырза Бейсенбаев, Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев А.Қалыбеков ауылдық округінің Абат ауылында «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында жас кәсіпкер Қуаныш Әжібековпен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, басымдықтарына тоқталды. Пікір алмасып, кәсібінің барысымен танысты.Мемлекеттік қол…