Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АУДАНДА ҚАЙТА ӨҢДЕУ ІСІ ДАМИТЫН БОЛАДЫ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Темір Қырықбаев, Мақтаарал аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қалмырза Бейсенбаев, Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев «КАНВАССИНГ» шарасы аясында аудандағы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Абай ауылының тұрғыны Нұрбибі Омарованың үйінде болды. Зейнеткерлік жастағы Нұрбибі Омарова үй іргелік 10 соток жерінде жылыжай шаруашылығын дамытумен қатар ерекше кәсіпті де қолға алған. 2019 жылдан бері қой жүнінен ұлттық нақыштағы ер және әйел адамдарының киімін тігуді кәсіп етіп келеді. Әрбір киімді ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен әрлеп, тұрғындарға тиімді бағада саудалауда. Өз келінімен қатар ауылдың бірнеше қыз-келіндеріне кәсібін үйретіп, шәкірт тәрбиелеуде.

Өткен жылы мемлекеттен 550 мың теңге қайтарымсыз грант алған қолөнер шебері қажетті шикізатты арнайы Жамбыл облысынан алдырады екен. Себебі, жергілікті қойлардың жүні ауыр, әрі адам денесіне кері әсер етуі мүмкін екен. Сондықтан, киімдерді тек қылшық жүнді миранос қойынан алдырады екен.

Ерекше кәсіпті дамытып отырған Нұрбибі апаймен кездесу барысында кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, басым бағыттарына тоқталды. Қабылданған бағдарламадағы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, шикізатты қайта өңдеу салаларындағы мемлекеттік қамқорлықтарды түсіндірді.

Бұл бағытта «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы алдағы 5 жылда ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің жаңа объектілерін ашуға, аудандағы шаруа қожалықтарына берілетін ағын судың баға тұрақтылығын сақтап, арзандатуға және жеке инвестициялар есебінен шамамен 10 өңдеуші кәсіпорын ашуға ықпал ететін болады.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
131

Еще по теме

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АУДАНДА ҚАЙТА ӨҢДЕУ ІСІ ДАМИТЫН БОЛАДЫ - Yvision.kz