Перейти к содержимому

Новое

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ БІЛДІРІЛДІ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Тұрсынхан Ақылбеков, Меруерт Даубаева мен Ақмарал Телходжаева Мырзакент кентіндегі «Бақтияр» сауда орталығында «ЭКСПРОМТ» кездесу өткізді. Үміткерлер барлық карантиндік талаптарды сақтай отырып дүкен сатушылары мен алушыларына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, басымдық берілген бағыттар бойынша атқарылатын жұмыстардың барысын түсіндірді.Тәуелсіздік жылдарында партияның бастамасымен қолға алынған бағдарламалар мен ықпал етілген салаларда қол жеткізілген жетістіктер дәріптеліп, Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері үлгі етілді. Елдегі саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеу, ұлтаралық татулық мәселелері қозға…

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АУДАНДА ҚАЙТА ӨҢДЕУ ІСІ ДАМИТЫН БОЛАДЫ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес «КАНВАССИНГ» шарасы аясында аудандағы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Абай ауылының тұрғыны Нұрбибі Омарованың үйінде болды. Зейнеткерлік жастағы Нұрбибі Омарова үй іргелік 10 соток жерінде жылыжай шаруашылығын дамытумен қатар ерекше кәсіпті де қолға алған. 2019 жылдан бері қой жүнінен ұлттық нақыштағы ер және әйел адамдарының киімін тігуді кәсіп етіп келеді. Әрбір киімді ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен әрлеп, тұрғындарға тиімді бағада саудалауда. Өз келінімен қатар ауылдың бірнеше қыз-келіндеріне кәсібін үйретіп, шәкірт тәрбиелеуде.Өткен жылы мемлекеттен 550 мың теңге қайтарымсыз грант алған қолөнер шебері қажетті шикізатты арнайы Жамбыл облысынан алдырады екен. Себебі, жергілікті қойлардың жүні ауыр, әрі…

«NUR OTAN»: КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ

Кез-келген мемлекетте кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып, өндіріс ошақтарының саны артқанда ғана әлеуметінің әлеуеті жақсаратыны анық. Өйткені, кәсіпкерлік – ел экономикасының қозғаушы күші. Бұл саланың дамуы Мақтаарал ауданында дұрыс жолға қойылған.«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Темір Қырықбаев, Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Қалмырза Бейсенбаев, Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев А.Қалыбеков ауылдық округінің Абат ауылында «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында жас кәсіпкер Қуаныш Әжібековпен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, басымдықтарына тоқталды. Пікір алмасып, кәсібінің барысымен танысты. Мемлекеттік қо…

0
0
123