«NUR OTAN»: КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ
Кез-келген мемлекетте кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып, өндіріс ошақтарының саны артқанда ғана әлеуметінің әлеуеті жақсаратыны анық. Өйткені, кәсіпкерлік – ел экономикасының қозғаушы күші. Бұл саланың дамуы Мақтаарал ауданында дұрыс жолға қойылған.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Темір Қырықбаев, Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Қалмырза Бейсенбаев, Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев А.Қалыбеков ауылдық округінің Абат ауылында «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында жас кәсіпкер Қуаныш Әжібековпен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, басымдықтарына тоқталды. Пікір алмасып, кәсібінің барысымен танысты. Мемлекеттік қолдаудың арқасында өткен жылы 8 пайыздық мемлекеттен жеңілдетілген несие алған Қуаныш Әжібеков өзінің мал шаруашылығын ашып, бүгінде ірі қара мен ұсақ малдарды бағумен айналысуда. Қазірде шаруа қожалықта 160-қа тарта ұсақ мал мен 15-тен аса ірі қара мал бапталуда. Сондай-ақ, бір кәсіппен шектелмеген кәсіпкер егін шаруашылығымен де айналысып егістік алқабынан шыққан мақта өнімін өзі өңдеп, одан шыққан қалдықтарын малға азық етуде. Бір кәсіппен келесі бір кәсіпті ұштастыра білген кәсіпкердің атқарып жатқан істерін отбасылық бизнескеде айналдырған. Олай дейтін себебіміз – отбасының отанасы Сұлу Айнабекова да көрпе-төсек тігумен де айналысып 5 азаматшаны жұмыспен қамтуда. Күніне бір тігінші орта есеппен 25-30 көрпе тігуде. Осылайша «Nur Otan» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан бағдарламалар арқылы өз ісін ашқан ауыл баласы алдағы уақытта кәсіпкерлігінің ауқымын кеңейтпек ниетте. Кездесу соңында үміткерлер Қуанышқа заңдық кеңестер беріп, алдағы сайлауда партияға дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді
