Перейти к содержимому

Новое

ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №1. БАРШАҒА ТЕҢ МҮМКІНДІК.ТАБЫСТЫ ӘЙЕЛДЕР

Елдің қоғамдық-саяси өмірінде әйелдердің рөлін арттыру, олардың қабілеттерін іске асыру үшін тең мүмкіндіктер жасау – біздің саясатымыздың басымдықтарының бірі.Әйелдерді өкілдік етуші органдарға ұсыну үшін «Nur Otan» өзінің партиялық қатарына кем дегенде 30% әйелдерді қосады.Атқарушы, өкілді, сот органдары басшылығындағы және квазимемлекеттік сектордағы әйелдердің үлесі 30%-ке дейін ұлғаяды.Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, бизнесті қолдау бағдарламаларының шеңберінде жеңілдікпен кредиттер және гранттар беру арқылы олардың экономикалық белсенділігін ынталандыру орталықтары ашылады.Өңірлер, қалалар мен аудандар бойынша жұмыспен қамту, базалық әлеуметтік қызметтерге, түрлі мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділік шегінде гендерлік қажеттіліктер мен сұраныстар картасы әзірленеді.Әйелдердің ең…

0
0
109

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҮМІТКЕРЛЕР АУДАННЫҢ ЕҢ ҚАРТ ТҰРҒЫНЫНАН БАТА АЛДЫ

«Қариясы бар елдің – қазынасы бар». Осынау бір сөйлемнің астарына үңілсек қанша мағына, мән жатыр. Өйткені, ауылдың ауызы дуалы ақсақалдары туған жердің, оның дамуы мен өрлеу кезеңінің, ел басқарған игі жақсыларының еңбектерін еш өзгеріссіз сақтап, ұрпақтан-қрпаққа аманат етілетін шежіресі іспетті. Міне, сол қариялардың ақылын тыңдау, батасын алу – қазақтың қанына сіңген қасиеттерінің құндысы. «Бата менен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер» деген даналық сөз осыдан қалса керек.Саяси науқанның шешуші кезеңінде Мақтаарал ауданының ең қарт тұрғыны 102 жастағы Саттар Исаевтың шаңырағында болып, батасын алды. Ғұмыр бойы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, тасбақасы домалап, жантағы қаптаған Мырзашөл даласын игеруге атсалысқан 102 жастағы қарияның 5 ұл, 3 қызынан бүгінде 38 немере, 117 шөб…

0
0
144

ПАРТИЯ ПЛАТФОРМАСЫ.БЛОК №1. БАРШАҒА ТЕҢ МҮМКІНДІК.ОТБАСЫ БАҚУАТТЫЛЫҒЫ

Отбасы – партиямыздың басты құндылықтарының бірі. Отбасын қолдау және нығайту – еліміздің табысты дамуының кепілі.Ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, балаларға қамқорлық, өзара қолдау жасау дәстүрі, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық секілді құндылықтар отбасында қалыптасады.Біз отбасыларды қолдауға бағытталған әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік жәрдемақылар бойынша барлық міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етеміз.Инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді индекстеу жүргізіледі. Осы мақсатқа 3 триллионнан астам теңге бөлінеді.Экономиканың өсу сапасының негізгі көрсеткіші ретінде қазақстандықтардың табысы мен өмір сүру деңгейінің артуы қарастырылады.Азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарын табысы жоғары қандай құралдарға салу керегін өзі шешетін…

0
0
154

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АРДАГЕР ҰСТАЗДАР ҰЛЫ ІСТЕРДІҢ БАСТАМАШЫСЫ – «NUR OTAN»-ДЫ ЖАҚТАЙДЫ

Мақтаарал ауданы «Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес бүгін Жамбыл ауылдық округінде ардагер педагог Құралбек Сыдықовпен жүздесті. Партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі басымдықтарына тоқталды. Ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.2000 жылы «Nur Otan» партиясының мүшелігіне өткен Құралбек Сәтбекұлы 42 жыл бір мектепте ұстаздық еткен болса, оның 37 жылында директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.Кандидаттармен жүздесу барысында ардагер ұстаз «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолжетімді баспана алу, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын нығайту мәселелері бойынша тың бастамалардың қажет екендігін айтады. Сонымен қатар, партиялық жұмыстарға, жергілікті мәслихаттарға білімд…

0
0
197

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ДЕ ОҢ КӨЗҚАРАС БІЛДІРУДЕ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес ауданның зиялы қауым өкілдерімен жүздесті. «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» шарасы аясында Атакент кентінің тұрғыны, ақын, аудармашы, Қазақстан Журналистер Одағының, Әлем Жазушылары Одағының мүшесі Айыпберген Балтабаевпен өткен кездесуде үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, бағдарламадағы басымдық берілген бағыттарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ұсыныс-пікірлер тыңдалып, сұрақтарға жауаптар берілді. 10 қаңтар күні өтетін сайлауда белсенділік танытып, қолдау көрсетуге шақырды.Әрбір «Nur Otan»-дық партия тарапынан қабылданған әрбір шара елдегі бірлік пен саяси тұрақтылықты, рухани келісімді одан әрі дамытуға ықпал ететінін, аудан тұрғындарын ауданның қоғамдық және әлеуметтік өміріне белсенді қатыс…

0
0
250

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫ ПАРТИЯ ҚОЛҒА АЛАДЫ

Көкпар – қазақтың қанына сіңіп, салт-дәстүрімізбен біте қайнасып заманына, қоғамына қарай түрленіп, дамып келе жатқан ұлттық өнерлеріміздің бірі. Қалың нөпірді қақ жарып барып, дода ортасынан серкені суырып шыққан шабандозды көргенде жүрегі жарылмайтын қазақ жоқ шығар? Көкпарды жігіттің жігіті ғана тартатынын білетін қазақ ұландарын қаршадайынан төзімділікке, ептілікке, батылдыққа, батырлыққа баулитын өнер түрін күні бүгінге дейін қастерлеп келеді.Міне, сондай ат аламанында атой салып күллі қазақ жерін, Орта Азияны есімі шарлаған қазақ көкпаршысы Алиакбар шабандоздың шаңырағында болып «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясын өткізді. Ардагер көкпаршымен кандидаттар ұлттық құндылықтар мен ат спортының, оның ішіндегі көкпа…

0
0
221

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҰОС КУӘГЕРІ «NUR OTAN»-ҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

1418 күнге созылған екінші дүниежүзілік соғысы жылдан жылға тарих қойнауына енгенімен оның адамзат тарихынан алар орыны тереңдеп, қадірі артып келеді. Биыл қанды қырғынның аяқталғанына 76 жыл толуына орай елімізде майдангерлердің ерліктері жас ұрпаққа үлгі-өнеге етіліп, ұлықталып отыр.Бір ғана Мырзашөл топырағынан 13 мыңнан астам азамат қанды қырғынға аттанып, оның небәрі 3932-сі ғана елге оралса, бүгінде Мақтаарал ауданында қарт майдангерлердің 2-і, неміс фашистерінің тұтқынында болғандардың 1-нің ғана көзі тірі. Сонау бір қырғынға толы жылдарда көзсіз ерлік жасаған 12 Мырзашөлдік Кеңес Одағының Батыры атанған.«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында қаншама адамның өмірін жалмап, толарсақтан қан кешкізген сол жы…

0
0
136

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ЕҢБЕК МАЙДАНЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕНДЕР ДЕ «NUR OTAN»-МЕН БІРГЕ

Кешегі қанқұйлы соғыста майдангер ата-апаларымыз жауларымен қасық қаны қалғанша шайқасса, елде қалған кәрі-құртаң кемпір-шал мен қатын, бала-шаға да күндіз-түні тынбай еңбектеніп, жеңіс күнін жақындатуға ерлерше үлес қосты. Балалық бал дәурен шағы соғыстың ауыр да азапты жылдарымен тұспа-тұс келген сондай тыл ардагерлерінің бірі Айжамал Иманова апа бүгінде Мақтаарал ауданы, А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Абат ауылының тұрғыны. Бүгінде есіл еңбегінің зейнетін көріп отырған асыл қазыналы қарт жеңіс туын желбіретуге бар күшін сала жүріп 11 перзентті құтты орындарына қондырған алтын құрсақ аналардың бірі.Соғыс оты кенеттен лап еткенде жас жеткіншек үлкендермен қатар бейнет кешіп, күн-түн демей еңбек етті. Ауылда апа-анасына күбі пісісіп, май, ірімшік дайындауға көмектесті. Таңның атысын…

0
0
146