Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҰОС КУӘГЕРІ «NUR OTAN»-ҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

1418 күнге созылған екінші дүниежүзілік соғысы жылдан жылға тарих қойнауына енгенімен оның адамзат тарихынан алар орыны тереңдеп, қадірі артып келеді. Биыл қанды қырғынның аяқталғанына 76 жыл толуына орай елімізде майдангерлердің ерліктері жас ұрпаққа үлгі-өнеге етіліп, ұлықталып отыр.

Бір ғана Мырзашөл топырағынан 13 мыңнан астам азамат қанды қырғынға аттанып, оның небәрі 3932-сі ғана елге оралса, бүгінде Мақтаарал ауданында қарт майдангерлердің 2-і, неміс фашистерінің тұтқынында болғандардың 1-нің ғана көзі тірі. Сонау бір қырғынға толы жылдарда көзсіз ерлік жасаған 12 Мырзашөлдік Кеңес Одағының Батыры атанған.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында қаншама адамның өмірін жалмап, толарсақтан қан кешкізген сол жылдарда неміс фашистерінің тұтқынында болған Тамара Атаханованың үйінде болды. Белорусия елінің тумасы 1957 жылдан 1996 жылға дейін Мырзакент кентінің денсаулық сақтау саласында еңбек еткен. Бүгінде 84 жастағы Тамара әжей медицина саласындағы қажырлы еңбегі үшін бірнеше рет Одақтың, Қазақ СССР-нің жоғары марапаттарына ие болған.

Кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, негізгі бағыттарына тоқталды. Еңбек және соғыс ардагерлеріне, аз қамтамасыз етілген, әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға партияның бастамасымен жасалып отырған қамқорлықтар жайлы айтты.

қандыбалақ жылдардың зардабы соңғы жылдары сыр бере бастаған әжей «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан жұмыстары мен игі бастамаларына жоғары баға береді.

Өйткені, зұлматқа толы соғыс жылдарының куәсі болған кейуана бүгінгі бейбіт заманның қадірін бәрінен артық біледі. Жастықтың жалындаған жылдарын сол бір ұмытылмас тарих беттерінде қалдырған Тамара Ахатова 10 қаңтар күні болатын сайлауда «Nur Otan»-ды қолдап дауыс беретіндігін айтады.

Бүгінгі тәуелсіздік пен бейбіт те мамыражай өмірдің оңай келмегенін, талай-талай ержүрек ата-бабаларымыздың қанымен келген байлық екенін айтқан Тамара Ахатова өзге де сайлаушыларды дұрыс таңдау жасап, сөздің емес, істің партиясы бола білген «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
131

Еще по теме

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҰОС КУӘГЕРІ «NUR OTAN»-ҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ - Yvision.kz