ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ДЕ ОҢ КӨЗҚАРАС БІЛДІРУДЕ
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес ауданның зиялы қауым өкілдерімен жүздесті. «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» шарасы аясында Атакент кентінің тұрғыны, ақын, аудармашы, Қазақстан Журналистер Одағының, Әлем Жазушылары Одағының мүшесі Айыпберген Балтабаевпен өткен кездесуде үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, бағдарламадағы басымдық берілген бағыттарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ұсыныс-пікірлер тыңдалып, сұрақтарға жауаптар берілді. 10 қаңтар күні өтетін сайлауда белсенділік танытып, қолдау көрсетуге шақырды.
Әрбір «Nur Otan»-дық партия тарапынан қабылданған әрбір шара елдегі бірлік пен саяси тұрақтылықты, рухани келісімді одан әрі дамытуға ықпал ететінін, аудан тұрғындарын ауданның қоғамдық және әлеуметтік өміріне белсенді қатысуына ықпал ететінін айтады. Жобаларды іске асыру – маңызды әлеуметтік мәселелерді дер кезінде шешуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталатын болады.
Қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтар сақталып, саяси тұрақтылық пен рухани келісімді дамытуға, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді тұрақтандыруға ниетті партияластар алдағы уақытта да елдің игілігіне еңбек ете беретіндіктерін айтады.
Айта кетейік, негізгі мамандығы құрылысшы-инженер болып табылатын Айыпберген Балтабаев Атакент кентінің, кезіндегі Мақтаарал совхозының құрылуына атсалысқан азамат. Жасы 80-ге таяса да аудандағы қоғамдық-мәдени шаралардан қалыс қалмайтын ақсақал іміткерлерге сәттілік тілеп, батасын беріп, 10 қаңтарда «Nur Otan» партия дауыс беретінін атап айтты.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
