Перейти к содержимому

Новое

Прошла онлайн-конференция на тему патриотизма: «Мы дружбой народов сильны».

Прошла онлайн-конференция на тему патриотизма: «Мы дружбой народов сильны». На встрече так же присутствовали члены КПК и ОСПК. Сегодня всех нас объединяет чувство гордости за нашу республику, ее историю. Народы Казахстана живут в мире и дружбе. Все этносы имеют одинаковые условия для реализации культурных традиций и обычаев. При этом проявляется уважение к историческому наследию каждой народности. Приоритетными являются дружественность, взаимопонимание, толерантность, согласие между народностями, живущими на казахстанских землях.

САПАРБАЯН : ЖАҢАӨЗЕН ЖҰРТЫМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгінгі жұмыс күнім Жаңаөзен қаласында басталды. Қалалық Оқушылар шығармашылығы сарайында өткен жиынға елуден астам адам жиылды.партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірдік. Және Жаңаөзен қаласына қатысты нақты бағдарларды тілге тиек еттім.Жиынды қалалық партия филиалының сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Майлыбай Өтебаев ашып, жүргізіп отырды. Мәжіліске үміткер Оспан Қазақбаевтың сенімді өкілі Жаңбырбай Дәрменов, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Тимур Мусаев, Батыржан Қорғанбаевтармен біргеNur OtanЖаңаөзен халқын жұмыспен қамту, қалаға жаңа құрылыс, яғни тұрғын үй салу мәселелеріне арнайы тоқталдым.Әлия Таубайқызы ауыз су мәселесін көтерді. "Жаз келсе Жаңаөзен қаласына су жетпейді. Осы мәселені партиямыз реттей ала ма" деп сұрақ қойды.Жаңаөзендегі ауыз судың жайын жергілі…

0
0
216

Канвассинг кездесу Шетпе ауылында

Бүгін Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар А.Ордабаева мен Ж.Байтұрғанова "Еңбек ардагері" медалінің және ҚР Білім және ғылым министрлігінің "ОЗЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ" төс белгісінің иегері, 40 жыл білім саласында қызмет атқарған ардагер ұстаз Сағымбаева Тоймекен Қарағұлқызының шаңырағында болып, "Nur Otan" партиясының , сонымен бірге Маңғыстау ауданы бойынша жасақталған сайлауалды бағдарламалармен таныстырды. Ардагер ұстаз сайлауалды бағдарламада халықтың көңілінен шығатын әлеуметтік-экономикалық, жастар саясаты, өлкенің тарихы мен мәдениетін дамыту жөніндегі ұстанымдарын қолдайтынын айтты. Ұлағатты ұстаз алдағы сайлаудың сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

ЭКСПРОМТ-ВСТРЕЧА кандидатов в депутаты областного маслихата Линник М.А. и Шагвалеевой Х.Х.

ЭКСПРОМТ-ВСТРЕЧА кандидатов в депутаты областного маслихата Линник М.А. и Шагвалеевой Х.Х. и их доверенными лицами в магазинах Мамлютского района по разъяснению предвыборной программы партии «Nur Otan» по Мамлютскому району.

ШАЙЫРДАҒЫ ШУАҚТЫ КҮНДЕР

Шайыр - менің жүрегімде "туған ауыл" деген қастерлі атпен сақталған жер.Балалықтың тәтті күндері сол ауылда өтті. Ауылдың мейірімі, шуағы, жақсылығы деген ұғымдар сол Шайыр арқылы бойыма сіңді.Кісілері көпшіл, кішіпейіл, жатырқамайтын, жатсынбайтын дархан пейілді кәдімгі ауыл.Кімнің үйінде қуаныш болса жиыла қалғыш, қайғы болса бірігіп көтергіш. Ағаш үй тіге қалса бір-бір уықтан шаншып жіберіп, үзігін жарты сағаттың ішінде жауып тастайтын тамаша татулық та сол ауылда.Соғымның басы асылса көшенің бәрі сол үйде. Бар асын бөліп ішетін, сүтті де сұратпай беріп жіберетін мырзалық та, қамқорлық та сол ауылда.Жыл сайынғы Амалда ақша қар жауатын. Бала біткен шуылдасып ауыл аралап кәрісі бар үйді іздеп жүретінбіз.Мектепке бардым. Тентектік бір басыма жететін еді, шулатып жүретін едім) Әкем марқұм…

0
0
158

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ,ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗБЕН ШЕТПЕДЕГІ КЕЗДЕСУ

Ұстазымыз Құрмашев Алдаберген ағайдың шаңырағында болдық.Бүгін Маңғыстау облыстық маслихат депутаттығына кандидаттарШолпан Ильмуханбетовамен өзімКиікбай Жақыпұлы

Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі. Алдаберген ағай 48 жыл ұстаздық еткен. Білім беру саласында еңбегі еленіп, көптеген марапаттарға ие болған ақсақал. Алдаберген әкеміз бен Сәния анамыз 7 баласынан 19 немере және 24 шөбере сүйіп отырған "Мерейлі отбасы" байқауының 1-орын иегерлері. Алдаберген ұстазымыздан тәлім алған шәкірттері бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде жетістіктерге жетіп жүр.

Ағай өзінің жастар саясаты, тәрбиесі, өлкенің тарихы мен мәдениетін дамыту жөніндегі ойымен бөлісіп, Nur Otan партиясын қолдайтынын айтты. Ұлағатты ұстаз алдағы сайлаудың сәтті өтуіне тілектестік білдіріп батасын берді.

МҰНАЙШЫ АРДАГЕРДІҢ ШАҢЫРАҒЫНДА

МҰНАЙШЫ АРДАГЕРДІҢ ШАҢЫРАҒЫНДА

мұнай саласының ардагері Теміралиев Талғат ағамыздың шаңырағында болдық.Бүгін Маңғыстау облыстық маслихат депутаттығына кандидаттарШолпан Ильмуханбетовамен өзімКиікбай Жақыпұлы

Ағамызға партиямыздың сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ертеңгі сайлауда белсенділік танытуға, дауыс беруге шақырдық. Ағамыз Nur Otan партиясын қолдайтынын айтты.

ЖЕКЕ КӘСІПКЕР АҒАМЫЗ NUR OTAN ПАРТИЯСЫН ҚОЛДАЙТЫНЫН АЙТТЫ

жеке кәсіпкер ағамыз Өтеуов Абылай ағамыздың шаңырағында болдық.Бүгін Маңғыстау облыстық маслихат депутаттығына кандидаттарШолпан Ильмуханбетовамен өзімКиікбай Жақыпұлы

Ағамызға партиямыздың сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ертеңгі сайлауда белсенділік танытуға, дауыс беруге шақырдық. Ағамыз Nur Otan партиясын қолдайтынын айтты.

0
0
132

ЕЛ ІШІНДЕ : САҚЫП АҒАНЫҢ ТӨРІНДЕ

Сақып Керелбаев - бұл Маңғыстау өлкесінің атқарушы билігі тарихында алтын әріппен жазылған есім.Ұзақ жылдарын ел билеп, ат үстінде өткізген қайраткер аға бүгінде зейнет демалысында. Зейнеттемін деп қарап жатпайды, естелік жазады, кітап жазады. Дүркін-дүркін жинақтар шығарады."Ай, Саматжанның бір соқпауы мүмкін емес" деп отыр едім" деп жарқылдай қарсы алды ағамыз. Төріне шығарып, талай сырдың басын қайырды. Жанымда облыстық маслихатқа үміткер, әріптесім Иса Бимырзаев бар.Маңғыстаудың көптеген әкіміне бірінші орынбасар болған, аудан басқарған Сақып ағаға билік дәлізінде де, қалың бұқара арасында да құпия ештеңе жоқ. Жағдайды біледі, салиқалы сарап жасайды, байыпты байлам ұсынады."Саматжан, партияңа сөзім жоқ. Елдегі жақсылықтың бәріне жаршы болып, қолдаушы болып келе жатқан іргелі саяси ұйы…

0
0
114

САПАРБАЯН : ШЕТПЕНІҢ АРДАГЕРЛЕРІ

Шетпедегі ардагерлер үйіне арнайылап бардым.

"Ассалаумағалейкүм" деп кіріп барып ем ағаларым жарқылдап қарсы алды. Бәрі көзтаныс, бәрін қылшылдаған жігіт кезінен білемін.

Сәттілік тілеп, баталарын беріп жатыр. "Ағалар" дедім, "үлкен іске бел будым ғой. Өздеріңіз осы елдің ағасысыздар. Жүрген жерімде айта жүрейін, не ой-пікір, сын, ескертпелерің бар"

"Саматжан, мәжіліске сайланып алыңдар, талап пен тілекті сол кезде айтамыз. Депутат болып жатсаң бізді ұмытпа, қайырылып бір соқ" деді ақсақалдар бірауыздан.

Ақсақалы бар ел - бақытты ел деп білемін. Көргені мен түйгені мол Ағаларымның батасына алып сапарымды әрі жалғадым.

#NurOtan

#Сапарбаян

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз