Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ШАЙЫРДАҒЫ ШУАҚТЫ КҮНДЕР

Шайыр - менің жүрегімде "туған ауыл" деген қастерлі атпен сақталған жер.

Балалықтың тәтті күндері сол ауылда өтті. Ауылдың мейірімі, шуағы, жақсылығы деген ұғымдар сол Шайыр арқылы бойыма сіңді.

Кісілері көпшіл, кішіпейіл, жатырқамайтын, жатсынбайтын дархан пейілді кәдімгі ауыл.

Кімнің үйінде қуаныш болса жиыла қалғыш, қайғы болса бірігіп көтергіш. Ағаш үй тіге қалса бір-бір уықтан шаншып жіберіп, үзігін жарты сағаттың ішінде жауып тастайтын тамаша татулық та сол ауылда.

Соғымның басы асылса көшенің бәрі сол үйде. Бар асын бөліп ішетін, сүтті де сұратпай беріп жіберетін мырзалық та, қамқорлық та сол ауылда.

Жыл сайынғы Амалда ақша қар жауатын. Бала біткен шуылдасып ауыл аралап кәрісі бар үйді іздеп жүретінбіз.

Мектепке бардым. Тентектік бір басыма жететін еді, шулатып жүретін едім) Әкем марқұм кейде тоқтың столбысына байлап кететін📷

Сол мектептегі бір қызық есімде қалыпты.

Төрт, әлде бес оқып жүрген кезіміз. Әдебиеттен беретін бір керемет әдемі апайымыз болды. Сөз саптауы ерекше, сабағында момақан болып ұйып тыңдаймын. Оқуды енді бітіріп келген жас маман. Ол кездің мұғалімінде бір ерекше магия бар еді. Ағай, апай деген жандардан ығып, жасқанып, сыйлап, ерекше құрмет көрсетіп тұратынбыз. Ал, "әдебиет апайымыз" тіпті қадірлі еді.

Содан бір күні мектепке келдік. Әдебиет бірінші сабақ еді. Қоңырау соғылды, орнымызда отырып ап күтудеміз. Апай кешікпейтін еді, бес минут өтті, жоқ. Он минут өтті, жоқ.

Бір кезде апай кіріп келді. Басқа апай!

- Балалар, апайларыңды түнде алып қашып кетіпті. Тыныш отыра тұрыңдар, қазір басқа мұғалім келеді.

Төбемнен жай түскендей болды. Класс у-шу. Түгел жылап жүр📷 Содан отырып алып мен де жыладым... Жылағаннан пайда жоқ, Апай сол кеткеннен қайырылмады.

Мектептің мәні кетіп қалғандай боп жаман құлазыдым. Кәдімгідей соққы болды мен үшін. Балалықтан енді ес жиып келе жатқанда кездескен өмірдің алғашқы ащы сабағы еді...

Қазір күліп еске аламын, кейде жүрегім "шым" ете түседі. Сондай таза, пәк жүректің иесі екенбіз ғой сол кездері...

Мұғалімнің ауысуына қазіргі бала жылай ма, білмеймін... Бірақ, ауылдағы тазалықтың, шынайылықтың бір әдемі көрінісі деп білем осы бір оқиғаны.

Өткенде Оразғали ағайға сәлемдесе барғанда "мұғалімнің бұрынғы мәртебесі қайта оралып келеді" деген еді. Мемлекет те мұғалімін жарылқап, төрден орын беріп жатыр. Ең үлкен жақсылық деп білемін. Өйткені, дәрігер мен мұғалімге қандай жақсылық жасалса да артық емес!

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Айтпақшы, өткенде Шайырға жол түскенде мектебіме соғып, бала шақты тағы бір еске алдым. Әдемі сезімдер билеп, сол сағынышты кездерге оймен барып қайттым!

Аман тұр, туған ауыл - шуақты Шайырым!

- ды қолдайтындықтарын айтты. Шайырлықтар түгел біздің партияға дауыс береді деп сенемін.Мен түлеген мектептің ұстаздарыNur Otan

#NurOtan

#СаматМусабаев

0
0
152

Еще по теме

ШАЙЫРДАҒЫ ШУАҚТЫ КҮНДЕР - Yvision.kz