Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Канвассинг кездесу Шетпе ауылында

Бүгін Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар А.Ордабаева мен Ж.Байтұрғанова "Еңбек ардагері" медалінің және ҚР Білім және ғылым министрлігінің "ОЗЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ" төс белгісінің иегері, 40 жыл білім саласында қызмет атқарған ардагер ұстаз Сағымбаева Тоймекен Қарағұлқызының шаңырағында болып, "Nur Otan" партиясының , сонымен бірге Маңғыстау ауданы бойынша жасақталған сайлауалды бағдарламалармен таныстырды. Ардагер ұстаз сайлауалды бағдарламада халықтың көңілінен шығатын әлеуметтік-экономикалық, жастар саясаты, өлкенің тарихы мен мәдениетін дамыту жөніндегі ұстанымдарын қолдайтынын айтты. Ұлағатты ұстаз алдағы сайлаудың сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

Еще по теме