Перейти к содержимому

Новое

Дорожная карта по исполнению предвыборной программы городского филиала партии Nur Otan представлена

Члены депутатской фракции согласовали проект единогласно.
⠀
Председатель Алматинского городского филиала партии Nur Otan, аким Алматы Бакытжан Сагинтаев @sagintayev.b отметил, что депутатам фракции необходимо приложить все усилия для достижения целей, обозначенных в предвыборной программе партии.
Дорожная карта Алматы состоит из 180 пунктов, основанных на двенадцати драйверах развития мегаполиса. В ней закреплены конкретные показатели исполнения на каждый год, а также ответственные депутаты и госорганы.
⠀
«Составляя данную программу мы учли интересы всех слоев общества, она коррелируется с госпрограммами «Еңбек», «Дорожная карта бизнеса – 2025», «7-20-25», «Бақытты отбасы», «Іскер ана». К примеру, в течение 5 лет в Алматы будут построены 15 государственных школ и 25 пристроек, а также 15 государственных и 324 частных дошкольных учреждении образования. Это позволит охватить 99% детей дошкольным воспитанием и обучением, что существенно снизит дефицит ученических мест», - сказал первый зампред Алматинского городского филиала партии Nur Otan @meirzhan_otynshiyev

0
0
225

АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін, «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы активінің отырысы өткізілді. Отырысқа  «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Рахметұлы Мұқаев, аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлы Рахымжанов, аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Сағынғалиұлы Аққалиев,саяси кеңес және бюро мүшелері, мәслихаттағы фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия белсенділері, жастар және филиал қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

Күн тәртібінде:

1. Бөкей ордасы аудандық Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары - Жол картасын орындау міндеттері туралы;

2. Сайлау алдындағы халықпен кездесулердегі аманаттардың орындалу  барысы туралы;

3. Аудандық мәслихат депутаттарының қолға алған жобалары бойынша және басқада тапсырмалардың  орындалу барысы туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев  2021-2025 жылдарға жасақталған сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстарға тоқталып, бағдарламада көрсетілген әр бағыт бойынша баяндап, аудандық сайлауалды бағдарламаның  жүзеге асырудағы жол картасының орындалуы жөніндегі міндеттеріне, және де сайлаушылардан жиналған аманаттарға  тоқталып өтті.

Сонымен қатар, облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев партияның облыстық деңгейдегі атқарылған жұмыстарына тоқталып, сайлауалды бағдармаласын жүзеге асырудағы жол картасының орындалуы жөніндегі міндеттеріне тоқталды.

Жиын соңында аудандық мәслихат депутаттары Лариса Қайырғалиева, Ермек Меңдешов, Бибигүл Жумагулова және аудандық аурухана басшысы Анарбек Белисанов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, ардагер  Тлеген Арстанбеков өздерінің ұсыныс тілектерін білдірді.

0
0
401

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

SKYPE жүйесі арқылы бейнебайланысы режимінде аудандық  партия  филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде аудандық білім беру мекемелеріндегі, жалпы білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың көріністерін алдын алу бойынша атқарған жұмыстары мен мемлекеттік қызмет көрсетуде қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары туралы аудандық білім бөлімі басшысының м.а                Г. Сағатованың есебі тыңдалды.

0
0
107

ПАРТИЯ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ПАРТИЯ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті партияластар!

Биыл 1 наурыз «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толып отыр. Сіздерді атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Еліміз тарихында 1999 жылы 1 наурызда алғаш «Отан» партиясының негізі қаланып, Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағасы болып сайланған болатын. Қазіргі уақытта партия атауы «Nur Otan» деп ресми түрде өзгертілді. 22 жыл ішінде партиямыз жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан еліміз үшін күрделі шешімдерді қабылдай білді. Әр уақытта халқымыздың мүддесін жоғары қойып, берген уәделерін орындап келеді. Кезекті сайлауда да жеңіске жетуіміз халқымыздың сенімінің артқандығын білдіреді. Партия алдында 2025 жылға қарай халық алдында берген уәдемізді 100 пайызға орындау міндеті тұр. Бұл еліміздің болашағы мен іргесінің берік болып қалыптасуына маңызды шешімдер қабылданады деген сөз.

Қымбатты партияластар, отандастар!

Мемлекетіміздің дамуы жолында аянбай еңбек етіп, партиямызға сенім білдіргендеріңіз үшін алғысымыз шексіз! Баршаңыздың отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Еліміз тыныш, болашағымыз жарқын болғай!

«Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы

0
0
139

Анонс

Анонс

2 марта в 11.00 часов на площадке «Жетісу медиа» состоится брифинг на тему «Об итогах работы Алматинского областного филиала партии "Nur Otan" за 2020 год, планы на 2021 год и о гендерной политике». Спикер: первый заместитель председателя Алматинского областного филиала партии «Nur Otan» Тойлыбаева Гульнар Кожагуловна.

0
0
129

САЙЛАУ НАУҚАНЫНДА НҰРОТАНДЫҚТАР 6628 ШАРА ӨТКІЗІП,770 738 ҮГІТ-НАСИХАТ МАТЕРИАЛДАРЫН ІЛІП, ТАРАТТЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ НАУҚАНЫНДА НҰРОТАНДЫҚТАР 6628 ШАРА ӨТКІЗІП, 

770 738 ҮГІТ-НАСИХАТ МАТЕРИАЛДАРЫН ІЛІП, ТАРАТТЫ

Өздеріңізге белгілі биылғы жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі  және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы  өтті. 

«Nur Otan» партиясының Алматы облыстық және аудан-қалалық сайлауалды штабтары 6 628 іс-шара ұйымдастырылып, 452 816 адам қатысты. Оның ішінде 3 895 іс-шара онлайн түрде 270 201 адамның қатысуымен өтті. 

Бұл туралы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева «Жетісу медиа алаңында алаңында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының 2020 жылғы жұмыс қорытындылары, 2021 жылға жоспары және гендерлік саясат туралы» атты тақырыпта өткен брифинг барысында журналистер қауымына ақпарат беріп өтті.

Сонымен қатар, Гүлнәр Қожағұлқызы өз сөзінде «сайлау науқаны кезінде партия белсенділері рұқсат алынған жерлерге, арнайы бөлінген 149 орынға 770 738 үгіт-насихат материалдарын іліп, таратты.

Сайлау нәтижесі бойынша «Nur Otan» партиясына облыстық мәслихатқа 80,5%, 37 мандат, аудандық, қалалық мәслихатқа 84,3%,  дауыс жинап 267 мандат орыны беріліп,  жеңіске жетті. Алматы облыстық мәслихатының жаңа құрамында 304 депутат (әйелдер 32%, жастар 25,3%). Сонымен қатар облыс бойынша басқа саяси партиялар 56 мандат иеленді.

0
0
128