Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПАРТИЯ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ПАРТИЯ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті партияластар!

Биыл 1 наурыз «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толып отыр. Сіздерді атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Еліміз тарихында 1999 жылы 1 наурызда алғаш «Отан» партиясының негізі қаланып, Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағасы болып сайланған болатын. Қазіргі уақытта партия атауы «Nur Otan» деп ресми түрде өзгертілді. 22 жыл ішінде партиямыз жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан еліміз үшін күрделі шешімдерді қабылдай білді. Әр уақытта халқымыздың мүддесін жоғары қойып, берген уәделерін орындап келеді. Кезекті сайлауда да жеңіске жетуіміз халқымыздың сенімінің артқандығын білдіреді. Партия алдында 2025 жылға қарай халық алдында берген уәдемізді 100 пайызға орындау міндеті тұр. Бұл еліміздің болашағы мен іргесінің берік болып қалыптасуына маңызды шешімдер қабылданады деген сөз.

Қымбатты партияластар, отандастар!

Мемлекетіміздің дамуы жолында аянбай еңбек етіп, партиямызға сенім білдіргендеріңіз үшін алғысымыз шексіз! Баршаңыздың отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Еліміз тыныш, болашағымыз жарқын болғай!

«Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы

Еще по теме

ПАРТИЯ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! - Yvision.kz