СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
SKYPE жүйесі арқылы бейнебайланысы режимінде аудандық партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде аудандық білім беру мекемелеріндегі, жалпы білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың көріністерін алдын алу бойынша атқарған жұмыстары мен мемлекеттік қызмет көрсетуде қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары туралы аудандық білім бөлімі басшысының м.а Г. Сағатованың есебі тыңдалды.
