Бүгін, «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы активінің отырысы өткізілді. Отырысқа «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Рахметұлы Мұқаев, аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлы Рахымжанов, аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Сағынғалиұлы Аққалиев,саяси кеңес және бюро мүшелері, мәслихаттағы фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия белсенділері, жастар және филиал қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
Күн тәртібінде:
1. Бөкей ордасы аудандық Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары - Жол картасын орындау міндеттері туралы;
2. Сайлау алдындағы халықпен кездесулердегі аманаттардың орындалу барысы туралы;
3. Аудандық мәслихат депутаттарының қолға алған жобалары бойынша және басқада тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев 2021-2025 жылдарға жасақталған сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстарға тоқталып, бағдарламада көрсетілген әр бағыт бойынша баяндап, аудандық сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырудағы жол картасының орындалуы жөніндегі міндеттеріне, және де сайлаушылардан жиналған аманаттарға тоқталып өтті.
Сонымен қатар, облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев партияның облыстық деңгейдегі атқарылған жұмыстарына тоқталып, сайлауалды бағдармаласын жүзеге асырудағы жол картасының орындалуы жөніндегі міндеттеріне тоқталды.
Жиын соңында аудандық мәслихат депутаттары Лариса Қайырғалиева, Ермек Меңдешов, Бибигүл Жумагулова және аудандық аурухана басшысы Анарбек Белисанов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, ардагер Тлеген Арстанбеков өздерінің ұсыныс тілектерін білдірді.