САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ САПАЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛ ЖАНЫНАН 12 ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ
Бюро отырысында үш мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Партияның аумақтық филиалдарындағы бастауыш партия ұйымдарының (БПҰ) есептік-сайлау жиналыстарын және партияның аймақтық, аумақтық филиалдарының есептік-сайлау конференцияларын өткізу кестесі бірауыздан бекітілді.Отырыстың күн тәртібіндегі екінші мәселеде Саяси кеңес Бюросы мүшелерінің ұсыныстары ескеріле отырып, Партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдары және Ережелері бекітілді.Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әр өңір, қала және аудан үшін «Nur Otan» партиясының 217 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша егжей-тегжейлі жол карталары бекітіліп, оған жауапты депутаттар мен орындаушылар белгіленді. Бес жылдың ішінде на…