АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ДІНИ ҰЙЫМДАР ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Бүгін, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті және Алматы облысының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында дін өкілдерімен кездесу өткізілді.Жемқорлық көріністеріне жол бермеуді, оның алдын алуды көздеген жиынға дін өкілдері, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, ақпарат-насихат тобының мүшесі Ермек Келемсейіт және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев - «Адамдардың сыбайлас жемқорлықтан саналы түрде алшақ жүруі маңызды. Мұндай сенім адамның адамгерш…






