ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ
Бүгін «AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өткізілді. Комиссия отырысын аудандық маслихаттың хатшысы, партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Ш.С.Дүйсенғалиева жүргізді. Комиссия отырысына «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Т.М.Даргужиев, аудан әкімінің орынбасары, партия филиалы жанындағы "Жер аманаты" аудандық комиссиясының төрағасы Е.А.Ахметов, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.Комиссия отырысының күн тәртібінде бір мәселе қаралды:1. 2022 жылы жер қатынастары саласындағы атқарылған жұмыстар және игерілмей жатырған жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі туралы.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.М.То…
