ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА
Оңғар Дидар - Алматы қаласындағы №58 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы. Бүгінгі күні домбыра өнеріне қызығып, дәстүрлі музыканы мектеп қабырғасында дәріптеп жүрген жас талант. - Ең алғаш домбыраны қолға алған сәтің есіңде ме? Бірінші рет қай шығарманы орындадың?- Әрине, есімде. Инстаграм желісінен Қуандық Рахымның домбырамен ән орындауын көріп қызығушылығым оянған. Домбыра тартуды білмесем де, әпкемнің домбырасын алып отыратынмын. Сонымды байқаған анам мені домбыра үйірмесіне жіберді. Алғаш рет домбырамен «Еркем-ай» әнін орындаған болатынмын.- Домбыра тарту қанмен келген талант па әлде еңбектің жемісі ме?- Қанмен де, еңбекпен де келген деп айтсам болады. Әкем де, анам да домбырамен ән салатын адамдар.- Домбыра сен үшін сырлас досың ба?- Иә, жалғыз қалғанда қолыма домбырамды ал…

