«Шәкәрім оқулары» байқауы
20 ақпанда кітапханада даладағы қатты аязды күнге қарамастан мектеп оқушыларының қатысуымен II Республикалық "Шәкәрім оқулары" байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.Байқауға 5-8 сынып оқушылары аралығындағы балалар қатысты. Қатысушыларға қойылған талап оңай болған жоқ, олар Шәкәрім Құдайбердіұлының 20 өлеңін жатқа оқып, ақынның өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтарға жауап беру қажет болды.Қазылар алқасының жұмысын бағалаған қазылар алқасының құрамында: Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, сатирик, "Шабыт" әдеби сыйлығының иегері - Мауданов Абылай Фазылханұлы; Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі және әлеуметтік педагог – Салмағамбетова Сымбат Амангелдинқызы және Ыбырай Алтынсарин аты…





