Beeline Қазақстан Астанадағы «Болашақ ойындарының» ресми телеком-серіктесі
Компания киберспортты, классикалық спортты және технологияларды біріктіретін халықаралық турнирді қолдап, қатысушылар мен көрермендерді сапалы мобильді байланыспен қамтамасыз етеді.Beeline Қазақстан халықаралық «Болашақ ойындары 2026» турнирінің ресми телеком-серіктесі атанды. Жарыс 29 шілдеден 9 тамызға дейін Астанада өтеді және киберспортты, классикалық спортты және заманауи технологияларды біріктіреді.Турнир форматы фиджитал-салаларға негізделген, яғни қатысушылар тек цифрлы ортада ғана емес, нақты спорт алаңдарында да бақ сынайды. Бағдарламада футбол, баскетбол, билеу, Battle Royale, MOBA PC, MOBA Mobile және жекпе-жек түрлері бар. Турнирге 50-ден астам елден 848 қатысушы қатысады, ал жалпы жүлде қоры 4 млн АҚШ долларынан асады.Ауқымды іс-шаралар кезінде мобильді байланыс жоғары жүкте…





