Тұрғындарға құқықтық көмек – бір жерде, бір терезе қағидатымен
Өскемен қаласында партиялық «Құқықтық көмек» жобасы аясында тұрғындарды қабылдауға арналған ауқымды шара өтті. Халыққа қызмет көрсету орталығының базасында ұйымдастырылған қабылдау барысында қала тұрғындары түрлі сала мамандарынан бір жерден, яғни «бір терезе» қағидаты бойынша қажетті кеңестер алды.Іс-шараға заңгерлер мен адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, «Отбасы банкінің» өкілдері және жер мәселелері бойынша мамандар қатысты. Тұрғындар өздерін толғандырған құқықтық, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін мамандарға тікелей жолдап, нақты жауаптар алды.Қабылдау барысында заңгерлер мен адвокаттарға жүгінген азаматтардың қатарында сақтандыру компаниясынан тиісті төлемді алу мәселесі бойынша көмекке мұқтаж шетел азаматы да болды. Сонымен қатар мамандар некені б…



