«Ы. Алтынсариннің өміріннен бір күн» = «Один день из жизни И. Алтынсарина»
12 қазанЫ. Алтынсарин тексеру үшін қамқоршының келгені туралы былай деп жазады: «Ол Қостанайға түн ортасында сағат 2,5-те келіп, ертеңіне таңғы 9-дан түскі 1-ге дейін оқушыларды жеке өзі емтиханнан өткізді, сонымен қатар ғимаратты, оқу құралдарын және басқа да барлық нәрселерді қарап шықты. Мектеп ғимаратын жөндеуге байланысты оқушылар каникулдан кеш оралғанына қарамастан, ол шаруашылық және оқу бөлімдерінің барлығына риза болған сияқты. Оның ризашылықтан басқа ештеңе айтпағанына қарап, осылай деп топшылаймын. ...Қамқоршы әйелдер және ауыл шаруашылығы мектептерін ашу әлі ерте деген пікірмен де келісетін сияқты; дегенмен, ол қырғыздардың білім алу қажеттіліктері мен тәртібі туралы арнайы жазба дайындап, өзіне жіберуді өтінді»



