Трансформатор зауытының жұмысшыларымен кездесу
Бүгін "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бастауымен Республикалық сайлауалды штаб мүшелері Орал трансформатор зауытының жұмысшыларымен кездесуде өңірдің өзекті мәселелерін талқылады. Партия 5 жыл ішінде облыста 800 км-ден астам автомобиль жолдарын жөндеу, ауыл тұрғындарының сумен қамтылуын 100%-ға жеткізу міндетін қойып отыр. Өңірде 11 жаңа мектеп және 2 миллион шаршы метрден аса тұрғын үй салынады. Осы арқылы әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 8 мың пәтер берілетін болады. Газ тарифін төмендету бойынша да бірқатар шаралар жоспарланған. Сонымен бірге өңірде мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру зауытын салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Партия барлық мүдделі тараптармен бірлесіп Жайық өзенінің тартылуы мәселесі бойынша қажетті шаралардың қолға алынуына қо…

