Бударин ауылының педагогикалық ұжымымен кездесу
«Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Бақытбек Смағұлдың сапары ауданға қарасты Бударин ауылында жалғасты. Мұнда педагогикалық ұжыммен, осы саланың ардагерлерімен кездесу өтіп, бірқатар ұсыныс-тілек түсті. Айталық, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хамит Сақауов білім саласы қызметкерлерінің жетіспеушілігін, әсіресе, мектептерде математика, физика пәні мұғалімдерінің тапшылығын сөз етті. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру жайын қозғады.

Ал, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Ғайни Машаева бас партияның бесжылдық бағдарламасында барлық саланың қамтылғанын айтып, әріптестерін елдің одан әрі дамуы жолында жетекші ұйымды қолдауға шақырды.
