Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бөрлі ауылы тұрғындарымен кездесу

Республикалық сайлауалды штаб мүшелері Имашева Снежанна мен Анвар Агаев облыстық сайлауалды штаб мүшесі Идиятов Сержан Бөрлі ауылы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ҚР Парламент Мәжілісіне кандидат Имашева Снежанна "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіруден бұрын ел тәуелсіздігінің бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін тілге тиек етті. Сөз барысында елдегі білім саласында жасалған жағдайлар туралы айта келіп, аталмыш саланың бұдан әрі де мәселен мұғалім мәртебесінің және жалақысының көтерілуі, мектептердің материалдық базалары да нығая беретіндігін жеткізді. Елдегі пандемия кезінде мұғалімдер қашықтан болса да тынбай еңбек етіп, білім беруді жалғастырса, медицина мамандары қиын кезде алғы шепте жүріп, елге басты жағдай жасады. Сондықтан да медицина мамандарына да жақсы жағдайлар жасалатындыығын айтып, халыққа қызмет көрсетуде алдағы уақытта денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартатын боламыз. Сонымен қатар елдің болашағы жастардың жағдайының жақсаратындығын, шәкіртақылардың көбейетіндігі, олардың тұрғын-үй мәселесі бойынша жатақхана, мемлекеттік гранттардың екі есе өсетіндігін айтты. Сөз соңында бәріміз халық бірлігіне, елдің өркендеуі мен үлес қосуымыз керек. Сондықтан бір ауыздан жетекші партияны қолдап, дауыс беруге шақырыамын деді.

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Анвар Агаев 2020-2021 жылдары Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдарын қайта құру, елді мекендерді абаттандыру бойынша 174 жобаны іске асырып, 8 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда екендігін айтса, облыстық сайлауалды штаб мүшесі, Теректі аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Идиятов Сержан облыс бойынша барлық тұрғындар үшін өздерін қауіпсіз сезінетін аймаққа айналуы тиіс. сол ретте «Nur Otan» партиясы құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттырып, бейнебақылау, көшелерді жарықтандыру жүйесін дамытатын болады деді.

Сөз соңында бәріміз халық бірлігіне, елдің өркендеуі мен үлес қосуымыз керек. Сондықтан бір ауыздан жетекші партияны қолдап, дауыс беруге шақырыамын деді.

0
0
114

Осы тақырып бойынша